Бейсенбі, Сәуір 18, 2024
23.2 C
Kokshetau
22 C
Nur-Sultan
19 C
Almaty
ЖаңалықтарОқиғаТөтенше жағдайАқмолалық өрт сөндірушілер Қостанайдан үйлеріне оралды

Ақмолалық өрт сөндірушілер Қостанайдан үйлеріне оралды

Ақмола облысының тұрғындары өз батырларын қарсы алуда, Ақмолалық өрт сөндіруші-құтқарушылар жеті күн ішінде Қостанай облысындағы өртті сөндіріп, үйлеріне оралды, – деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Ақмолалықтар Ақмола мен Қостанай облысының шекарасында Есіл қаласында өрт сөндірушілерді құрметпен қарсы алды.  Көкшетау қаласына кіре берісте өрт сөндірушілерді ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев, ТЖД қызметкерлері, М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясы курсанттарының оркестрі және өрт сөндіруші-құтқарушылардың туыстары қарсы алды.

Естеріңізге сала кетейік, 7 қыркүйекте Қостанай облысында ірі табиғи өртті ауыздықтауға қол жеткізіліп келесі күні Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД мен Солтүстік Қазақстан облысы өңірлерінен келген құтқарушылар үйлеріне жол тартса, Ақмолалық құтқарушылар ағымдағы жылдың 10 қыркүйегіне дейін жұмысын жалғастырған болатын.

«50 ақмолалық өрт сөндіруші-құтқарушы мен 8 техника бір апта бойы өрт сөндіруде болды. Біздің өрт сөндірушілер Бағаналы кентіне 100 метр жақын болған өртті сөндіруге шынжырмен тұрған, қауіп төнген кезде барлық өрт сөндірушілердің қажырлы еңбегінің арқасында ірі орман өртін сөндіру мүмкін болды. ҚР ТЖ министрі Юрий Ильиннің, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың және Департамент аппаратының атынан өртті жоюға қатысқан әрбір өрт сөндірушіге алғыс айтамын», – деді ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев.

Еске сала кетейік, 02 қыркүйек күні Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Қазанбасы ауылынан 20 шақырым жерде, Басаман КШШ аумағында алдын ала болжам бойынша 600 га алаңда ағаштар мен құрғақ шөптер өртенген, өрт сөндіру желдің екпіні мен +36 градус қатты ыстықпен күрделене түскен. Өңірде өртті екі мыңнан астам адам мен 250-ден астам техника сөндірген болатын.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...

Автожолдарды топан судан қорғау

Ақмола облысында су тасқынын алдын алу бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда Ақмола облысының Қосшы, Жібек Жолы және Атбасар елді мекендерінде «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ мамандары...

8 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.12.2023 жылғы № 237 бұйрығына сәйкес Бурабай...

Мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында...

Департамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Көкшетау қаласының әкімдігі «Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тару мәселесімен...