Бейсенбі, Наурыз 28, 2024
6.2 C
Kokshetau
5 C
Nur-Sultan
18 C
Almaty
ЖаңалықтарОқиғаТөтенше жағдайАқмолалық құтқарушылар бір түнде жылыту пункттеріне 80-нен астам адамды эвакуациялады

Ақмолалық құтқарушылар бір түнде жылыту пункттеріне 80-нен астам адамды эвакуациялады

Кеше түнде ауа-райының нашарлауына байланысты «қатты аяз» салдарынан
«Екатеринбург – Алматы» автожолынан құтқарушылар жергілікті атқарушы органдар және полиция қызметкерлерімен 62 адамды жолаушылар автобусынан эвакуациялады, оның ішінде 8 бала, – деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Осылайша, Ресей Федерациясының 10 азаматы, Өзбекстан Республикасының 10 азаматы және Тәжікстан Республикасының 42 азаматы Көкшетау қаласының әлеуметтік бейімдеу орталығына орналастырылды, зардап шеккендер жоқ.

Сағат 21.57-де Ерейментау қаласының № 24 өрт сөндіру бөліміне Жол полициясы қызметкерінен Астана-Павлодар тас жолында 187 шақырымға «Сарыағаш-Новосібір» рейсімен жолаушылар автобусы бұзылғаны туралы, онда 11 адам оның ішінде 5 баланы эвакуациялау қажеттігі жөнінде телефон хабарламасы түседі. Құтқарушылар дереу шақыру орнына барып, Өзбекстан азаматтарын «Ерейментау қаласының агротехникалық колледжі»-ндегі жылыту пунктіне эфакуиациялаған болатын.

Сонымен қатар, Атбасар ауданында, Бастау а. дизель отынының қатып қалуына байланысты жүк көлігі жолда тұрып қалған. Жергілікті атқарушы органдардың күшімен Қырғызстан Республикасының төрт азаматтары жылыту пунктіне орналастырылды. Сондай-ақ, Республикалық маңызы бар автожолдан Аршалы ауданында төрт адам және бір автобус орналастырылды.

Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарын жолдардың жабылуы туралы СМС хабарлама алған кезде жолға шықпауларын сұрайды. Жолдардың жабылуы және ауа-райы туралы  ақпаратты «Дәрмен» қосымшасын жүктеу арқылы немесе 1403 нөмірі бойынша білуге болады

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмолада денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымға жемқорлыққа қарсы комплаенс институты енгізілді

Денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымда комплаенс-мамандар жұмыс істейді. Олардың негізгі міндеттері - құқық бұзушылықтардың алдын алу, корпоративтік парасаттылық стандарттарын сақтау және ұйымның іскерлік имиджін...

Ақмола облысында Антикор проблемалық әлеуметтік нысандардың құрылысын сүйемелдеуге алды

Ақмола облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Іс-шара барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қоғамдағы сыбайлас...

«Бала ақын – жас дарын» жас ақындар айтысы өтті

Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен Ерейментау аудандық мәдениет үйінде ақын, әнші, айтыскер, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Мұса Мырзағұлұлы Асайыновтың 95...

Мәңгі естелік….

2024 жылдың 18 ақпанында қоғам қайраткері, орман шаруашылығы саласының ардагері, Сандықтау ауданының Құрметті азаматы Сабыржанов Шыңғожа Сабыржанұлы өмірден озды. Шыңғожа Сабыржанұлы дарынды басшы, білікті орманшы,...

Арқадағы Амал мерекесі: қызылжарлық өнерпаздар ақмолалық әріптестерімен көрісті

Көкшетауда Амал мерекесіне орай Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының мәдениет саласы өкілдерінің «Наурызнама бастауы – көрісу күні» атты мерекелік шарасы өтті, деп хабарлайды Kazinform. 14...