Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, Петропавл қаласында жасөспірімдер, қыздар мен ардагерлер арасында кір тасын көтеруден Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Жарысқа 300-ден астам спортшы қатысты.
Ақмола облысынан Сандықтау, Астрахан, Жарқайың және Целиноград аудандарының спортшылары қатысты.
Оның ішінде Ернұр Дәрменов, Арнұр Есенбаев, Аманқұл Әбуәли, Дарья Бродовская, Медина Әшімова, Максим Смелов, Эвелина Богдасарова және Жамбыл Оспанов чемпион атанса, Әлихан Берлігожин, Ғылым Нұрғанибек, Владислав Полухин және Анастасия Успеньева күміс жүлдеге ие болды.
Сонымен бірге, Виктор Шидловский, Анатолий Шидловский, Мирман Бақытжан, Дәулет Серікбаев және Алина Мартюшева қола жүлдегер атанды.
Спортшылар бапкерлері Сергей Прохоров, Халибек Салтанат, Бақтияр Жұмабеков, Асхат Әшімов және Владимир Прохоровтың жетекшілігімен жаттығады.