Кеше еліміз бойынша «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады.
1-ші апта (6, 13 сәуір) «Таза өлке»атауымен өтеді. Тұрғындар, қоғам қайраткерлері, ұйымдар, кәсіпорындар өз аумақтарын, аулаларын тазалайды.
2 – ші апта (20 сәуір) -«Киелі мекен» тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыру жұмыстарына арналады.
3-ші апта (27 сәуір) – «Жасыл аймақ» күні ағаш көшеттерін отырғызу, екпелерді әктеу ұйымдастырылады.
4-ші апта (4 мамыр) — «Өнегелі ұрпақ» күні Ардагерлер аулалары мен қарттар үйлерінің аумақтарын жинау және абаттандыру жұмыстары.
5-ші апта (11 мамыр) – «Мөлдір бұлақ» деп аталатын күні өзендер мен көлдердің айналасын қоқыстан тазарту.
Акция аясында Ақмола облысының Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» КММ ұжымы және Ақмола облысының жастар ресурстар орталығының ұжымы Республикалық «Таза Қазақстан» акцияға белсене қатысып,өз жұмыстарының аумағында орналасқан саябақты және Өрт сөндірушілерге арналған ескерткіштің манайын тазалады.
Бүгінгі акцияға зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері мен ерікті жастары қатыстырып отыр. Сондай – ақ, іс – шараға Көкшетау қаласы мәслихатының депутаты, эколог Мариям Абишева, «Байтақ» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Кәрімов, Көкшетау қаласының ардагерлер кеңесінің өкілдері, қоғам белсенділері қатысып, өз үлестерін қосты.
Қаламызды көгалдандыру және абаттандыру бойынша ұжым бес жылдан астам осы акцияға қатысып, көшеттерді отырғызып, біздің қоршаға ортаға өз үлестерін қосып келеді. Аталмыш акция бүгінде жастардың ерекше жақсы көретін іс-шараларының біріне айналып отыр. Бұл игі іс – шараның жастарға берері көп.
Құрметті Көкшетау қаласының тұрғындары жалпы тек акция аясында ғана емес, облыс аумағын көркейту-көгалдандыру және санитарлық-тазалық сенбіліктерді тұрақты түрде өткізіп, туған өлкемізді, тазалап, көркейтуге атсалысайық!