Четверг, 13 февраля, 2025
ЖаңалықтарМаңыздыАлдағы үш күнде Қазақстанда 20 градусқа дейін аяз күтіледі

Алдағы үш күнде Қазақстанда 20 градусқа дейін аяз күтіледі

Сондай-ақ, оқыңыз...

«Қазгидромет» РМК алдағы 3 күнгі ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2-3 қарашада атмосфералық фронттардың өтуімен, Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі — жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады), екпінді жел, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын. 3-4 қарашада оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарда қатты жауын-шашын болжанады. Кезеңнің соңында, суық солтүстік-батыс антициклонның енуімен жауын-шашынның біртіндеп тоқтауы және ауа температурасының едәуір төмендеуі күтіледі — солтүстік-батыста түнгі температура 5…15 аязға дейін, солтүстікте, орталықта, шығыста 10…20 аязға дейін, оңтүстікте 3…13 аязға дейін, оңтүстік-шығыста 7-16 аязға дейін төмендейді. Тек Қазақстанның батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы болжанады», — делінген синоптиктер мәліметінде.

Дереккөз: ҚазАқпарат

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола кәсіпкерлері қаржы вице-министрімен кездесуде салық реформаларын талқылады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірлердегі бизнес-қауымдастықтармен үкіметтің бастамаларын талқылайтын алты жұмыс тобы іске кірісті. Солардың бірін басқарған ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Ақмола кәсіпкерлерімен...

Облыстың мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиясының қызметі қорытындыланды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының төрағалары үшін семинар ұйымдастырып, онда 2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың тәртіптік...

Азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органнан босатылғаннан кейін жұмыс берушіден қызметкерге тиесілі есеппен және төленген сомамен...

Адам құқықтары-ең жоғары құндылық

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі Джанбекова Гүлнәр Хамитқызымен сұхбат. - Гүлнар Хамитқызы Қазақстанда азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша қандай шаралар қабылданып...

Қазақстандағы әйелдердің құқықтарын қорғау және олардың мүмкіндіктерін кеңейту

Соңғы жылдары біздің еліміз бірқатар маңызды бастамаларды жүзеге асыру арқылы адам құқықтары саласында белгілі бір жетістіктерге жетті. Қазақстан әйелдердің құқықтарын қорғауға және олардың мүмкіндіктерін кеңейтуге...