Пятница, 28 марта, 2025
ЖаңалықтарМаңыздыАлматыда «Жаңа Қазақстанды бірге құрамыз» атты митинг өтіп жатыр

Алматыда «Жаңа Қазақстанды бірге құрамыз» атты митинг өтіп жатыр

Сондай-ақ, оқыңыз...

Алматыда «Жаңа Қазақстанды бірге құрамыз» атты митинг өтіп жатыр

Алматыда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған саяси реформалар бағдарламасын қолдау мақсатында «AMANAT» партиясы қалалық филиалының ұйымдастыруымен митинг өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ш. Уәлиханов ескерткішінің алдында «Жаңа Қазақстанды бірге құрамыз» атты ұранмен ұйымдастырылған рұқсат етілген митингке 2-3 мыңға жуық адам жиналды. Олардың арасында партия және қоғам белсенділері, Мәжіліс депутаттары, кәсіпкерлер, ғылым мен мәдениет саласының өкілдері, спортшылар, жастар және ел ертеңіне бейжай қарамайтын қала тұрғындары бар. Жиында Amanat партиясының мүшелері мен депутаттар «Жаңа Қазақстанды құру» жөнінде сөз сөйледі. Мәжіліс депутаты Ерлан Сайров Қазақстан халқын елімізді өркендету жолында бірге болуға шақырды. Ал депутат Жанарбек Әшімжан қаралы қаңтар кезінде халықты отқа итергендерді айыптап, Жаңа Қазақстанды құруға жұмыла күш салу қажеттігін айтты.

«Бір күн ұрыс болған жерде – қырық күн ырыс болмайды» деген сөз бар. Күні кеше көңілді толқытқан Қаңтар қасіреті бізді жаңа үлгіге бастау керек. Сол күндері барлығымызды сүріндіріп, көзімізге жас келтірген жағдай кімнің қолымен жасалды, кімдер үшін жасалды? Мұның барлығы жаңаруға, жасампаздыққа, трансформацияға көшкен қазақ қоғамын көре алмай, соған кедергі келтіру үшін жасалған қадамдар. Сол күндері Amanat партиясы фракциясының мүшелері сизоларда болып, қамалғандардың, қара жамылған адамдардың жағдайымен танысып оларды елге, тиісті органдардың алдына жеткізуге күш салды, – деді ол.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі – кәсіпкерлікке жағдай жасаудың құралы

2024 жылы Ақмола облысында 8 миллионға жуық мемлекеттік қызметтер көрсетілді.  Қызметтердің біраз түрі кәсіпкерлік жүргізу үшін ерекше маңызды сипақта ие, олар: құрылыс кезінде рұқсаттар...

Құны 5 миллиард теңгеден астам инвестициялық жобаны іске асыруға кәсіпкердің құқықтары қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Бурабай ауданының прокуратурасымен бірлесіп, құны 5 миллиард теңгеден асатын жобаны іске асыруға «Минеральные источники» жауапкершілігі...

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері талқыланды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жергілікті атқарушы органдардың персоналды басқару қызметтері өкілдерімен онлайн семинар өткізді. Семинар барысында мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін...

ҚР МҚІА департаменті 1,5 миллиард теңгеге шаруа қожалығының құқығын қорғады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті бұрын ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ауданы 2000 гектар жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартудан бас...

«Е-қызмет» жүйесінде жұмыс істеу бойынша онлайн мастер-класс

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің  бастамасымен «Е-қызмет» жүйесінде жұмыс істеу бойынша онлайн мастер-класс өтті. Мастер-класқа жергілікті атқарушы органдардың персоналды...