Воскресенье, 22 декабря, 2024
ЖаңалықтарӨңірлерБурабайҚалың орманның болашағы «Бурабай» ұлттық паркінің тәлімбағынан басталады

Қалың орманның болашағы «Бурабай» ұлттық паркінің тәлімбағынан басталады

Сондай-ақ, оқыңыз...

«Бурабай» МҰТП тәлімбағында қазір күн райы да, жұмыс та қайнайтын уақыт.  Жас көшеттерге агротехникалық күтімнің маңызды кезеңі осы – арамшөптен арылтып, топырағын қопсытып, уақтылы суарған жөн.

Жұмыстың маңызы мен ауқымын түсінбейтіндер үшін осы қиын процеске жауапты адам, тәлімбақтың орманды қалпына келтіру инженері Бекзат Габченконың уайымы күлкілі болып көрінуі мүмкін. Бірақ жұмыс барысымен танысқан соң басқаша ойға келеді.

Биыл «Бурабай» ұлттық паркінің жалпы ауданы 333,9 гектар жерге егілген көшеттердің арамшөбін қолмен жұлып тазарту жоспарланған. Агротехникалық күтім жасауға 100-ден астам адам және ұлттық парктің 50 техникасы жұмылдырылып отыр.

Тәлімбақтағы жұмыстан бөлек, парктіі Ақылбай, Бурабай, Жалайыр, Золотобор, Қатаркөл, Мирный, Приозерный, Темнобор сынды сегіз орманшылығында биыл және өткен жылдары егілген екпелердің түбін қопсытып, арамшөптен арылту керек. Осының бәрі қол күшімен атқарылады.

Ұлттық парктегі тәлімбақ 1960 ашылған-ды. Бұл жерден жыл сайын әртүрлі ағаш түрлерінің жүздеген мың көшеті отырғызу үшін қазылып алынады.

— «Бурабай» ұлттық паркінде орман алқабын кеңейту процесі қыста қарағай бүршіктерін жинаудан басталады. Бүршіктерден біз тұқым аламыз, олар мұқият іріктеліп, стратификация жасалады. Одан соң тәлімбаққа егеміз. Өскіндер өліп қалмай, үлкен ағашқа айналуы үшін саусақ басындай көшет кезінен-ақ күтім жасаймыз: әр көшетке арнап топырағы таза орын әзірлейміз, арамшөбін жұлып отырамыз. Соның арқасында жас өскін тежелмей, тезірек бой көтереді. Күн ыстық кезде суарамыз, — дейді Бекзат Габченко.

2-3 жылдан кейін көшеттер тәлімбақтан ормандағы арнайы аумақтарға көшіріледі. Ол жерде орман инспекторларының бақылауымен өсе береді. Инспектор олардың ауырып тұрмағанын үнемі тексеріп отырады. Сөйтіп, арада біраз жыл өткенде жап-жас өскін алып ағашқа айналады, орман қанат жая береді.

Қазіргі таңда тәлімбақта тұрақты негізде 11 адам жұмыс істейді. Олар тұқым себуден бастап көшетті табиғи ортаға көшіруге дейін күтіп-баптайтын жоғары білікті мамандар. Инспекторлар да оларға жан-жақты көмектеседі.

Көктем мен жаз мезгілінде арамшөп жұлу сияқты жұмыстарға қосымша адамдартар тартылады. Биыл 200,3 гектар  жердің арамшөбі тазартылды, жұмыс жоспарға сай жалғасып жатыр.

— Тәлімбақ – болашақта қалың орманның негізі қаланатын жер. Біздің қызметкерлер бар білімі мен күш-жігерін осы процеске жұмсайды, өйткені біз болашақ ұрпақ үшін тырысамыз. Кішкентай тұқымнан алып ағашқа дейінгі жол ұзақ, ол кем дегенде он жыл үздіксіз күтім мен назар аударуды қажет етеді, — дейді Бекзат Габченко.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық іспен айналысуда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Өңірдің мемлекеттік қызметшілері донорлық қан қорын толықтырды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру бағытында талдау жүргізеді. Ағымдағы жылдың наурыз айында...

Біржан сал ауданында «Біржан едім қайтейін…» атты тарихи драмасы қойылды

Биыл қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз шығармаларымен толықтырған ірі тұлға, ақын Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 190 жыл толуына орай...

Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауы тиіс

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев 9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған конференцияға...