Сәрсенбі, Сәуір 24, 2024
5.2 C
Kokshetau
8 C
Nur-Sultan
20 C
Almaty
ЖаңалықтарAMANAT«АMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының кезекте тыс ХХХҮІ конференциясы өтті

«АMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының кезекте тыс ХХХҮІ конференциясы өтті

«АMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткен кезекте тыс ХХХҮІ конференциясында партияның Саяси тұғырнамасының жаңа жобасы талқыланды. Өңір басшысы өз сөзінде, «AMANAT» партиясының жаңа Саяси тұғырнамасы ағымдағы жылдың наурыз айында басталғанын және ол толық ауқымды партиялық трансформацияның бір бөлігі екендігіне назар аударды.

«Тұғырнамада Қазақстанның басты қоғамдық күшінің болашаққа деген көзқарасы, даму бағдарлары, ұстанымдары мен саяси мақсаттары қамтылған. Тұғырнама елімізде болып жатқан өзгерістерге «AMANAT» партиясының жауабы ретіндегі негізгі идеологиялық құжат»,-деді өз сөзінде Ермек Боранбайұлы.

Конференцияда алғашқы болып сөз сөйлеген партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Айна Мысырәлімова жаңа саяси тұғырнаманың негізгі ерекшеліктеріне тоқталды.

«Біріншіден, құжат толығымен мемлекеттік тілде әзірленіп, жазылды. Екіншіден, саяси тұғырнама әрбір азаматтың әл-ауқатын арттыруға негізделіп, «адам – қоғам – мемлекет» қағидаты бойынша құрылған. Үшіншіден, құжатты әзірлеу мен талқылау қатардағы партиялықтан бастап партияның Орталық аппаратына дейінгі барлық деңгейде жүргізілді және жаңа платформада нақты проблемалық мәселелер көтеріліп, оларды шешудің пайымы белгіленді»,-деді өз сөзінде Айна Ермекқызы.

Ал, партияның Саяси кеңесінің Бюро мүшесі, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Сайра Матайбаева тұғырнаманың «Еңбек – табыстың кілті» бөліміне тоқталды.

«Еліміздің тұрақты дамуының негізгі қозғаушы күші еңбек, білім және азаматтық белсенділік. Тұғырнамада айтылғандай, біз жұмыс орнындағы қауіпсіздікті бақылауды күшейтеміз, еңбек құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етуге көңіл бөлеміз»,-деді Сайра Матайбаева.

Айта кетейік, Сайра Әйтенқызы, Қосшы қаласында жеке қаражатына 600 балаға арналған «Дара» бизнес мектебінің, балаларға арналған театр және спорт кешенінің іргетасын қалады. Көптеген жылдар бойы жиһаз өнідірісмен айналысып, өңірдің әлеуметтік-экономкиалық дамуына өзіндік үлесін қосып келеді.

«AMANAT» партиясы облыстық филиалының Саяси кеңесінің мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Умар Шоназаров партияның тұғырнамасын барынша қолдайтынын айта отыра, алдағы уақытта ауылды аймақтарды дамытудың үкімет деңгейіндегі мемлекеттік бағдарламасын әзірлеудің қажеттігіне мән берді.

«Құжатта ауыл тұрғындарының да тұрмыстық табысын арттыру мақсаты да айқындалған. Бұл орайда, партияның «Ауыл Аманаты» және «Жер Аманаты» жобалары жемісті іске асып жатқаны белгілі»,-деді Умар Шоназаров.

«Расында, Саяси тұғырнамада партияның басым бағыттары айқын көрсетілген. Атап өтерлігі, әрбір адам лайықты білім мен медициналық көмек алуға, жеке қауіпсіздігінің қорғалуына, ыңғайлы әлеуметтік орта мен жайлы үйде тұруға құқылы екендігіне баса мән берілген. Сондай-ақ, мемлекеттің тұтастығы, елдің татулығы мен бірлігі, қоғамның қауіпсіздігі басты назарға алынған. Шындығында, қоғамның басты қозғаушы күші жастар десек, тұғырнамада оларға айрықша сенім жүгі артылып отыр», -деді өз сөзінде жастардың атынан сөйлеген биология, қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәндерінің оқытушысы Алена Малькова-Солопова.

Партияның қатарына жаңадан қосылған жас ұстаз әрбір студентке жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемін ұлғайту қажет деген ұсынысын жеткізді.

Сөйтіп, конференцияда «AMANAT» партиясының жаңа Саяси тұғырнамасы Ақмола облысының партия ұйымдарымен мақұлданды.

Конференцияда сондай-ақ, «АМАНАТ» партиясының кезектен тыс XXIV съезіне қатысуға Ақмола облысынан 35 адам делегат сайланды.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...