Пятница, 13 сентября, 2024
ЖаңалықтарЖемқорлықАнтикор Ақмола қылмыстық атқару жүйесі Департаментінің жеке құрамымен кездесті

Антикор Ақмола қылмыстық атқару жүйесі Департаментінің жеке құрамымен кездесті

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жеке құрамымен кездесті.

Кездесу барысында ҚАЖД лауазымды адамына қатысты ірі мөлшерде  алдау жолымен жасалған алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс аясында ҚР ҚПК-нің 200-бабының тәртібімен енгізілген ұсыныс қарастырылды.

Құқық бұзушылықтардың болдырмау мақсатында Департамент басшысы Асхат Оразхан қарамағындағылардың қызметіне бақылауды күшейтуді, жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын және нормативтік құқықтық актілердің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметін реттеуді түсіндіру бойынша тұрақты негізде семинарлар өткізуді, жауапты адамды бекіте отырып, бейнебақылау жүйесімен қосымша жарақтандыруды белгілеуді ұсынды.

Сондай ақ, соңғы бірнеше жылда қылмыстық-құқықтық саладағы заңдылықты арттыру және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту бойынша бірқатар шаралар қабылданды. Осыған қарамастан, бас бостандығынан айыру орындарындағы азаматтардың құқықтарын сақтау, сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу мәселелері бүгінгі күнге дейін өзекті және маңызды болып қалуда. Осы тұрғыда тиісті бақылауды қамтамасыз ете отырып, қылмыстық атқару жүйесінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөнінде кешенді шаралар қабылдану қажет деп ата өтті.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Әдеп жөніндегі кеңес мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғайды

Ақмола облысында Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым салуға байланысты...

Ақкөл ауданында сүт-тауарлы фермасы ашылады

Ақкөл ауданында стратегиялық маңызы бар жоба жүзеге асырылуда – құны 8,3 млрд теңгені құрайтын 900 басқа арналған жаңа тауарлы сүт ферманың құрылысы жүргізілуде. Қазіргі уақытта...

«Көшпенділер әлемі» этноауылының салтанатты ашылуы өтті

Күні бойы Ақмола облысының мәдени бағдарламасы ұсынылады. Салтанатты шеруде бірліктің нышанына айналған "Тайқазанға" Ақмола облысының делегациясы қатысты, оның құрамында еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері, спортшылар,...

Ақмола облысында білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талқыланды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаменті облыс әкімі орынбасарының, аудандар әкімдері орынбасарларының, облыстық білім, цифрландыру басқармаларының, аудандық білім бөлімдері және бас бухгалтерлердің...

«Астана-Қорғалжын» және «Көкшетау – Атбасар» республикалық маңызы бар автожолдардың құрылысы кезінде бұзушылықтар анықталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу шеңберінде жол құрылысы сапасының барысына ашық...