spot_img
spot_img
10.2 C
Kokshetau
ЖаңалықтарЖемқорлықАнтикор пенитенциарлық мекемелерде азаматтардың құқықтарының сақталуын бақылауды күшейтуге шақырды

Антикор пенитенциарлық мекемелерде азаматтардың құқықтарының сақталуын бақылауды күшейтуге шақырды

-Жарнама -spot_img
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшылығы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жеке құрамымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қатысушылар ҚАЖД түзеу мекемелерінің бірінің қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша ҚР ҚПК-нің 200-бабының тәртібімен енгізілген ұсынысты қарады.

Осыған ұқсас құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін Департамент бағыныштылардың қызметіне басшылық тарапынан бақылауды күшейтуді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын және нормативтік-құқықтық актілердің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру бойынша семинарлар тұрақты негізде өткізуді, сондай-ақ жауапты адамды бекіте отырып, бейнебақылау жүйесімен қосымша жарақтандыруды белгілеуді ұсынды.

Өз сөзінде өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Арман Рахимов кездесуге қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы, оның ішінде қылмыстық процестің үш буынды моделін енгізуге, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін тұлғалардың көтермелену жүйесіне, сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейтуге қатысты өзекті заңнамалық нормаларға түсінікетеме берді. Сонымен қатар, а.ж. қаңтарда қылмыстық процеске қатысатын тұлғаларды мемлекеттік қорғау саласындағы бірқатар заңнамалық түзетулер бекітілді.

Спикер атап өткендей, соңғы бірнеше жылда қылмыстық-құқықтық саладағы заңдылықты арттыру және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту бойынша бірқатар шаралар қабылданған болатын. Осыған қарамастан, бас бостандығынан айыру орындарындағы азаматтардың құқықтарын сақтау, сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу мәселелері бүгінгі күнге дейін өзекті және маңызды болып қала береді. Осы тұрғыда тиісті бақылауды қамтамасыз ете отырып, пенитенциарлық жүйеде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөнінде кешенді шаралар қабылдау қажет.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img