Жұма, Наурыз 29, 2024
1.9 C
Kokshetau
2 C
Nur-Sultan
7 C
Almaty
ЖаңалықтарОқиғаСотАрман Жүкенов Ақмола облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды

Арман Жүкенов Ақмола облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды

Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асанов Ақмола өңірі судьяларының кеңесінде облыстық соттың жаңа төрағасы Арман Жүкеновті таныстырды. Іс-шараға облыс әкімі Ермек Маржықпаев, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, сот жүйесінің ардагерлері қатысты.

А.Жүкенов сот жүйесінде 16 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Жоғарғы Сотта, Алматы, Астана қалаларының соттарында қызмет атқарған. Оның ішінде елорданың ірі соты – қаралатын азаматтық істер саны бойынша Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Ақмола облыстары соттарының жүктемесіне тең Сарыарқа аудандық сотын 5 жыл басқарды.

2018 жылы «Сот төрелігінің жеті түйіні» бағдарламасының шеңберінде «Үлгілі сот», «Татуласу: сотқа дейін, сотта», «Сапалы нәтиже» жобаларын іске асыру үшін осы сот пилоттық сот ретінде таңдап алынды.

«Таңдау айқын болды. Арман Серіктайұлы – жаңашыл ойлайтын төраға. Оның үстіне ауданында 400 мыңға жуық адам тұратын ірі сот. Мен осы сотқа бірнеше мәрте бардым. Ұжыммен судья-медиатор, электронды сот шешімі, сот актілерін түсіндіру сияқты жобаларды талқыладық. 2018 жылы осында алғашқы фронт-офис ашылды. Бір сөзбен айтқанда, А.Жүкенов басқарған сот бүкіл сот жүйесінің зертханасы болды», – деді Ж.Асанов. 

Анықтама. Арман Серіктайұлы Жүкенов 1983 жылы Абай облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сот төрелігі институтында білім алған.

Еңбек жолын Астана қаласының Алматы ауданында сот отырысының хатшысы болып бастаған. Жоғарғы Сот Аппаратының құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істеген.

2009-2014 жылдары – Алматы қаласы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың, Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының судьясы. 2015-2021 жылдары – Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының төрағасы.

2021 жылдан осы тағайындауға дейін – Астана қалалық сотының судьясы.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмолада денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымға жемқорлыққа қарсы комплаенс институты енгізілді

Денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымда комплаенс-мамандар жұмыс істейді. Олардың негізгі міндеттері - құқық бұзушылықтардың алдын алу, корпоративтік парасаттылық стандарттарын сақтау және ұйымның іскерлік имиджін...

Ақмола облысында Антикор проблемалық әлеуметтік нысандардың құрылысын сүйемелдеуге алды

Ақмола облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Іс-шара барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қоғамдағы сыбайлас...

«Бала ақын – жас дарын» жас ақындар айтысы өтті

Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен Ерейментау аудандық мәдениет үйінде ақын, әнші, айтыскер, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Мұса Мырзағұлұлы Асайыновтың 95...

Мәңгі естелік….

2024 жылдың 18 ақпанында қоғам қайраткері, орман шаруашылығы саласының ардагері, Сандықтау ауданының Құрметті азаматы Сабыржанов Шыңғожа Сабыржанұлы өмірден озды. Шыңғожа Сабыржанұлы дарынды басшы, білікті орманшы,...

Арқадағы Амал мерекесі: қызылжарлық өнерпаздар ақмолалық әріптестерімен көрісті

Көкшетауда Амал мерекесіне орай Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының мәдениет саласы өкілдерінің «Наурызнама бастауы – көрісу күні» атты мерекелік шарасы өтті, деп хабарлайды Kazinform. 14...