spot_img
spot_img
17.2 C
Kokshetau
ЖаңалықтарЖемқорлықАршалы ауданы прокуратурасымен мемлекеттік сатып алу саласында 1 млрд теңгеден астам сомаға...

Аршалы ауданы прокуратурасымен мемлекеттік сатып алу саласында 1 млрд теңгеден астам сомаға бұзушылықтар анықталды.

-Жарнама -spot_img

Аршалы ауданы прокуратурасымен мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарының сақталуы бойынша жүргізілген талдау барысында ауданның тұрғын үй-шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан (бұдан әрі – ТКШ бөлімі) конкурстық рәсім талаптарын бұзу фактісі анықталды.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 13-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алу веб-порталында жүзеге асырылады.

29.04.2022ж. ТКШ бөлімі (тапсырыс беруші) – ұзындығы 15 км құрайтын Екатеринбург-Алматы автобанынан Берсуат ауылына дейінгі жолға күрделі жөндеу жүргізуге мемлекеттік сатып алу бойынша ашық конкурс жариялады.

Алайда, 18.05.2022ж. ТКШ бөлім басшысы заңды негіздерсіз аталған конкурсты өткізуден өз бетінше бас тартты. Бұл ретте, тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен 1 млрд теңгеден астам сомаға «Еңбек» ШЖҚ РМК-мен жолды күрделі жөндеуге шарт жасасу туралы заңсыз шешім қабылдады.

Аудан прокуратурасымен қабылданған шаралардың нәтижелерінде заңсыз конкурстың күші жойылды, шарт бұзылды, сондай-ақ Аршалы ауданының ТКШ бөлімінің басшысы мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығарылды.

Аршалы ауданы прокуратурасы.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img