spot_img
- Жарнама -spot_img
13.2 C
Kokshetau
Басты бетОқиғаАршалы ауданында 12 жасар қыз Есіл өзеніне батып кетті

Аршалы ауданында 12 жасар қыз Есіл өзеніне батып кетті

-Жарнама -spot_img

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай маусымның 14-де сағат 19:39 шамасында Жібек жолы ауылындағы Silk Way демалыс аймағында орын алған.

«Ата-анасының қарауынсыз қалған 2010 жылғы қыз бала жабдықталмаған жерде суға шомылмақшы болып, өзенге батып кетті. Шақырту орнына Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жіберілді. Қыздың денесі сағат 20:58-де судан табылып, жағаға шығарылды», – деді ведомстводан.

ТЖД-нен атап өткендей, биылғы жылғы мамырдың 21-де демалыс аймағының су қоймасына тексеру жүргізілді. Соның қорытындысы бойынша суға шомылуға жарамсыздығы туралы акт берілді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985желдеткіштерсияқты
2,458ізбасарларыорындаңыз
61,453абоненттержазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img