Суббота, 21 декабря, 2024
ЖаңалықтарҚазақстанҚаржы пирамидасының белгілері бар ұйымдар мен жалған брокерлердің тізімі жарияланды

Қаржы пирамидасының белгілері бар ұйымдар мен жалған брокерлердің тізімі жарияланды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы пирамидасының белгілері бар ұйымдардың тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Агенттікке сілтеме жасап.

Тізімге 121 субъект, оның ішінде қаржы пирамидасының белгілері бар 56 ұйым және 65 заңсыз инвестициялық делдал (жалған брокер) кірген. Және Агенттік олардың қызметінде заңсыз қызмет белгілерін анықтады.

«Тізімді жариялау қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған және осындай компанияларға байланысты тәуекелдердің уақтылы алдын алуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге осындай тізімді қалыптастыру нарықтағы әділ бәсекелестікті қолдауды және заңсыз қызмет белгілері бар субъектілерді тиімді түрде анықтауды қамтамасыз етеді», — делінген агенттік хабарламасында.

Заңсыз қызмет белгілері бар ұйымдардың тізімімен мына жерде танысуға болады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық іспен айналысуда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Өңірдің мемлекеттік қызметшілері донорлық қан қорын толықтырды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру бағытында талдау жүргізеді. Ағымдағы жылдың наурыз айында...

Біржан сал ауданында «Біржан едім қайтейін…» атты тарихи драмасы қойылды

Биыл қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз шығармаларымен толықтырған ірі тұлға, ақын Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 190 жыл толуына орай...

Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауы тиіс

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев 9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған конференцияға...