1. Достарыңыздың балалары үнемі компьютер алдына отырады деп, өз балаңызды компьютерге отырғызуға болмайды. Шешімді бала өзі қабылдағаны дұрыс. Бәлкім таңдауы дұрысырақ, қажетірек болар.
2. Бала компьютермен жаңа таныса бастаған кезде, іс-қимылына көңіл аударыңыз. Баланың жаңа қызығушылығына үнемі көңіл бөлу керек. Баланың компьютермен жұмыс жасаған барысындағы қиындықтарды шешуге көмектеседі.
3. Баланың компьютермен қатынасының бірінші күнінен бастап белсенді функционалды дайындығына кірісіңіз.
4. Бала тапсырмаларды қызықты ойын ретінде қабылдап, орындағанын қадағалаңыз және бұл ойында өзіңіз оның құрбысындай қызығушылық танытыңыз. Тек осы жолмен сіз жақсы шешім ала аласыз.
5. Кейбір жаттығуларды жолда немесе серуендегенде талқылауға болады. Баланың есте сақтау қабілетіне, компьютерде жұмыс жасау дағдыларына, қимылдарына көңіл аударып, көмектесіңіз.
6. Балаға арналған барлық жаттығуларды бірден беру қажет емес. Барлық жаттығулардың баланың деңгейіне сай екенін қадағалаңыз.
7. Біздің беретін ойын, жаттығуларымызға ұқсас өз ойын, жаттығуларыңызды ойластырыңыз. Бұл баланың қызығушылығын оятады. Баламен бірге жаңа ойындар құрастырыңыз, бәлкім, оған өзінің құрған ойыны ұнар.
8. Баланың қолынан бір көргеннен барлық жаттығулар келе бермейді. Баланың қолынан келмей жатса, ұрыспай, керісінше, неге солай болғанын сұрап, кішкентай оқушының рухын көтеріңіз.
9. Баланың орындаған жаттығуларының нәтижесін, оның не істей алатынын, қай жерде қиындықтар туғанын жазатын дәптер бастаңыз. Баланың жеңістері, оның қандай белестерді бағындырғанын, нені үйренгені туралы көбірек әңгімелесіңіз.
10. Баланы тездетпеңіз, оны басқа балалармен салыстырмаңыз! Ағзаның әр жұмысқа деген дайындығы өз келген уақытында ғана қалыптасады, міне компьютерде жұмыс жасау да соған байланысты. Балаңызды түсініп, қолдауға үйреніңіз.
Замира Бұрханқызы Құдабаева,
«Бота» шағын орталығы «Аққулар» ересек тобының тәрбиешісі.
Станционный кенті,
Көкшетау қаласы.