Четверг, 16 января, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерАтбасарАтбасар ауданында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы бақылауда

Атбасар ауданында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы бақылауда

Сондай-ақ, оқыңыз...

Атбасар ауданында тұрақты негізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасына мониторинг жүргізіліп тұрады.

«2022 жылдың 1 тоқсанында 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің шекті бағасымен салыстырғанда Атбасар ауданында бағаның 15 пайыздан жоғары өсуі байқалған жоқ. Биылғы жылғы наурыздың 26-да Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжанов бірқатар ірі бөлшек және көтерме сауда орындарында болып, әлеуметтік маңызы бар санатқа кіретін өнімдердің бағаларына назар аударды.  Сондай-ақ бағаның өсуі және тауарлардың белгілі бір санатының тапшылығына қатысты кәсіпкерлер және тұрғындардың пікіріне құлақ асты», — деді аудан әкімдігінен.

Сонымен қатар, аудан әкімі кәсіпкерлерге әлеуметтік маңызы бар азық — түлік тауарларына сауда үстемесінің сатып алу бағасының 15 пайыдан аспауы керектігін еске салды.

Айта кетейік, 2021 жылғы желтоқсандағы баға деңгейімен салыстырғанда, қазіргі уақытта әлеуметтік маңызы бар өнімдерге бағаның өсуі орта есеппен 5-6 пайыздан аспайды. Мысалы, майлылығы 2.5 пайыз бір литр сүттің бағасы 331 теңгені құрайды, бұл 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 5,1 пайызды немесе 17 теңгені құрайды.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...