Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын орындау аясында азаматтардың барлық сұраныстарына жедел және сындарлы әрекет ету мақсатында Атбасар ауданының прокуратурасы тұрақты негізде ауданның барлық аумағында «Ашық есік күні» акциясын өткізеді.
Прокурорлар Есенгелді ауылының тұрғындарымен кездесу барысында аудан кәсіпорындарының бірі 250 жұмысшыға үш жыл бойы міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды аудармағанын анықтады.
Төленбеген жарналар мен аударымдардың жалпы сомасы 23 миллион теңгеден асып кеткен.
Аудан прокуратурасының араласуынан кейін «Tlekei Agro» ЖШС-нің барлық қызметкерлеріне заң талаптарына сәйкес төлемдері толықтай өтелді.
Азаматтардың конситуциялық құқықтары қорғалды.
Атбасар ауданының прокуратурасы.