-15.9 C
Kokshetau
-15.9 C
Kokshetau
Сейсенбі
Наурыз, 21
More

    Атбасар тұрғыны жаяуды көлігімен қағып, кейін қашқан

    Ақмола облысында жаяуды басып кеткен Атбасар қаласының 26 жастағы тұрғынын полиция қуып жүріп ұстады.


    Облыстық ПД баспасөз қызметінің дерегі бойынша, оқиға 8-ші қыркүйек күні болған. Нұрсейітов көшесінің бойында көлік соққан адамның денесі жатқандығын туралы Атбасар аудандық ПБ кезекшілік бөліміне түнгі сағат 01:58 жергілікті тұрғын хабарлап айтқан. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары «ВАЗ-2110» көлігінің жүргізушісі 43 жастағы жаяуды қағып, артынша қашып кеткенін анықтады. Зардап шегуші Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны сол жерде көз жұмған.


    «Жедел іздестіру шарасы барысында 26 жастағы атбасарлық ұсталды. Ер адам өз кінәсін мойындады. Ол бұған дейін де бұзақылық бойынша қылмыстық жауапқа тартылған», – дейді полициядан.

    Соңғы мақалалар

    - Жарнама - spot_imgspot_img

    Тақырып бойынша мақалалар

    Өзге де мақалалар