Сәрсенбі, Сәуір 24, 2024
8.2 C
Kokshetau
10 C
Nur-Sultan
17 C
Almaty
ЖаңалықтарЖемқорлықАуыл шаруашылығы саласындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі талқыланды

Ауыл шаруашылығы саласындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі талқыланды

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің «Antikor ortalyǵy» алаңында ауыл шаруашылығы саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерін талқылау бойынша кездесу өтті.

Кеңеске өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының, Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының, «Ауыл» партиясының, сондай-ақ «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» филиалының өкілдері қатысты.

Сөз сөйлеу барысында Департаменттің превенция басқармасының басшысы Жанат Тұралинов атап өткендей, өкінішке орай, ауыл шаруашылығы саласы дәстүрлі түрде сыбайлас жемқорлық көріністеріне бейім. Бұл туралы қылмыстық істер дәлелдейді. Тек ағымдағы жылы субсидиялау, ветеринария және фитосанитария бойынша қылмыс жасаған бірқатар адамдар, оның ішінде басшы буын да сотталды.

«Өткен жылы біз АӨК-тегі субсидиялау саласының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне кешенді талдау жүргіздік, онда негізгі проблемалық мәселелер нормативтік-құқықтық базаның жетілмегендігі, процестердің нашар цифрландырылуы және автоматтандырылуы болып отыр. Осының барлығын ескере отырып, ауыл шаруашылығы саласы Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасына енгізілген, бұл мәселелер ерекше бақылауда», – деді Жанат Тұралинов.

Кездесу барысында Ауыл шаруашылығы басқармасының басшылығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар, атап айтқанда, АӨК-тегі субсидиялау саласының тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау қорытындылары бойынша ұсынымдарды орындау туралы баяндады.

Басқарма басшысының орынбасары хабарлағандай, Ауыл шаруашылығы министрлігі субсидиялау мәселелеріне қатысты бірқатар Ережелерге өзгерістер енгізді. Атап айтқанда, инвестициялық салымдарды, сыйақы мөлшерлемелерін және қайта өңдеуші кәсіпорындардың шығындарын субсидиялау жөніндегі 3 мемлекеттік қызметке көрсетілетін қызметті алушыларға үшін күту парақтары енгізілген. Енді фермерлер субсидиялауға бөлінген бюджет қаражатының болуына қарамастан өз өтінімдерін бере алады. Бұл мемлекеттік қолдауды кезектілік тәртібімен алуға және аграршылар арасындағы әлеуметтік шиеленісті ішінара жеңілдетуге көмектесті.

Сондай-ақ, Департамент енгізген ұсынымдар бойынша Ауыл шаруашылығы және Энергетика министрліктері фермерлерге жеңілдетілген дизель отынын жеткізу процесін реттеу жөніндегі қағидалардың жобасын дайындады. Бұған дейін бұл мәселелерде елеулі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған болатын. Қазіргі уақытта облыс әкімдігімен бірлесіп фермерлерді жеңілдетілген бағадағы дизель отынымен қамтамасыз ету кезінде операторларды анықтау процесін ретке келтірді.

Кеңес соңында АШБ басшылығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сапалы және уақтылы жоюды, сондай-ақ өз бағыныштыларға тиісті бақылауды қамтамасыз ету қажеттігі атап өтілді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...