Вторник, 28 января, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерБұландыАуылдағы ауыз су мәселесін "Nur Otan" қолға алмақ

Ауылдағы ауыз су мәселесін «Nur Otan» қолға алмақ

Сондай-ақ, оқыңыз...

Сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі ел ішінде көп көтерілетін мәселелердің бірі болып табылатыны сөзсіз. Суы бар жердің ырысы бары дегендей қарапайым халықты толғандыратын бұл сұрақтың түйткілдігі басым.

Елдің қамын ойлаған «Nur Otan» партиясы, әсіресе шалғай ауылдардағы, ауыз су мәселесін қолға алмақ. Ақмола облыстық және Бұланды аудандық мәслихаттар депутаттығына «Nur Otan» партиясынан үміткерлер Айбат Есентуров, Раушан Хожабай, Сағадат Кабикенов және Шахман Құсайынов бастаған топ Никольское ауылының тұрғындарымен кездесіп, ауылға қатысты бірқатар түйткілді мәселелерді талқыға салды.

Айта кететін жайт, Никольское ауылының бір артықшылығы – ауыл темір жолдың бойында орналасқан, сондықтан ауыл халқы еш қиындықсыз жан-жақты бағытта жол жүре береді. Кезінде дүркіреп тұрған өндірістік тарихы бар елді-мекен бүгіндері, әрине, бұрыңғы дәуренін жоғалтқан, бірақ жергілікті халық болашаққа зор үмітпен қарайды. Тұрғындар саны да аз емес, оған дәлел – екі орта және бір бастауыш мектептерінің жұмыс істеуі. Сатылы деңгейді жеке кәсіпкерлік те дамып келеді.

Халықты толғандырып жүрген мәселердің бірі – ауыз су құбырының тозып, істен шығуы. Жергілікті атқарушы билікпен жыл сайын өтетін жиындарда осы мәселе бақылауға алынса да, оң шешімін таппаған еді. Сүйінші жаңалықты күтіп отырған ауыл тұрғындарының жағдайын да түсінуге болады: ауыз сусыз толыққанды тіршілікті елестету мүмкін емес. Бірақ жағымды жаңалықтың ауылы алыс емес сынайлы. Биыл су құбырларын қайта жабдықтаудың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге биыл 10 миллион теңге бөлінді, ал негізгі жұмыстардың, яғни жобаның жалпы құны 569, 8 млн.теңге құрайды. Жобаны жүзеге асыруға тиісті қаражат бөліну мақсатында салалық басқармаға бюджеттік өтінім жіберілді.

Осылайша, «Nur Otan» партиясының көмегімен, жергілікті атқарушы биліктің басшылығымен елді-мекенде маңызды мәселе шешіліп, әлеуметтік ахуалға оңтайлы әсері тиетіні айдан анық.

Кездесу соңында нұротандық белсенділер ауыл тұрғындарын ауызбіршілікке, ынтымаққа шақырып, келер жылдың 10 қаңтарында дұрыс таңдау жасап, «Nur Otan» партиясына дауы беруді шақырды. Өйткені, көшбасшы партиямен бірге ауылдағы басқа да маңызды мәселелер шешемін табатынына сенім де, кепіл де зор.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Бұланды ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

«Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдарының мобильдік тобы концерт берді

«Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдарының мобильдік тобы Қазақстандағы жұмысшы мамандықтар жылын мерекелеу аясында «Көкшетау минералды сулары» АҚ-да концерт берді. Шара барысында кәсіпқойлығы мен өңірдің дамуына...

Тексеріс нәтижесінде 8 азаматтың құқықтары проактивті түрде қалпына келтірілді

2024 жылғы 6 сәуірде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған түзетулер енгізілді. Заңнамадағы жаңашылдықтарға сәйкес көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын,...

Ақмола облысында жергілікті жолдарды жөндеу мәселелері талқыланды

Ақмола облысында ауыл әкімдері мен бейінді бөлімдердің мамандары үшін жолдарды жөндеу мәселелері бойынша оқыту семинары өткізілді. «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК өңірлік филиалының...

Алаяқтарды астамсытып қойған кім?

Егер ішкі істер органдарының деректеріне көз салсаңыз, елімізде жыл санап қылмыс көлемі артып барады. Қылмыстың қай түрі болмасын қарапайым пенделер үшін залалды, өйткені сол...

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...