Бейсенбі, Наурыз 28, 2024
4.2 C
Kokshetau
3 C
Nur-Sultan
20 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамАвтожолдарды қысқы күтіп-ұстау бақылауда

Автожолдарды қысқы күтіп-ұстау бақылауда

Автомобиль жолдарын қысқы ұстау бақылауда. Биыл өңірде алғаш рет көктайғайққа қарсы және инерттік материалдардың сынақтары өткізілді. Жалпы, «Жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығы» РМК филиалының мамандары қысқы кезеңде автожолдарды күтіп ұстаудың барлық бағыттары бойынша кешенді іс-шараларды жүзеге асырады. Жолшылар автожолдарды қысқы күтіп ұстау сапасын бақылайды, проблемалық учаскелерге шығулар, жолдарды күзгі тексеруді жүргізеді.

Өткен демалыс күндері өңір аумағында ауа райы жағдайы нашарлап, жауын-шашын, қатты жел, көктайғақ құбылыстары орын алды. Сондықтан филиал мамандары облыстың автожолдарындағы жол мен жол жабынының жағдайын бақылау бойынша бірқатар іс-шаралар өткізді. Жыл басынан бері республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының учаскелеріне тексерістік шығу жүргізді. Жол жабынын қардан мен мұздан тазарту жұмыстарын жүргізу сапасы, жол белгілерінің жай-күйі, тайғаққа қарсы материалдарды себу және басқа параметрлері тексерілді.

«Автожолдардың қалын қар басатын учаскелері, жол жиектері тексерілді. Өйткені дәл қыс мезгілінде жол жамылғысында ақаулар пайда болуы мүмкін, бұл жол қозғалысының қауіпсіздігіне кедергі келтіреді. Тексеру кезінде доңғалақты арқалықтың қармен бітелгені, жол белгісі деформацияланғаны, жол белгісі болмағаны анықталды. Барлық ескертулер тіркеліп, нұсқамалар қысқа мерзімде жойылуы үшін жауапты жол ұйымына жіберіледі», – деп түсіндірді филиал инженері Жанат Салықов.

Республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардың сапасын бақылау және қысқы күтіп ұстау талаптарының сақталуы бойынша іс-шаралар жалғастырылатын болады. Жолшылар аймақ тұрғындары мен жүргізушілерге ауа-райы нашарлаған, қалың қар жауған, тұман мен көктайғақ кезінде алыс сапарлаға және шұғыл қажеттіліксіз елді мекендерден тыс жерлерге шықпау жөн екенің еске салады.

«Автожолдарда жүрген кезде ауа райы жағдайлары мен жол жабынының жағдайын ескере отырып, жол қозғалысының барлық ережелерін сақтауды сұраймыз. Сондай-ақ, сапар алдында сіздің автомобиль және оның аспаптары дұрыс жұмыс істейтінің тексеріп алу қажет. Бұл жол қауіпсіздігіне де әсер етеді. Бірақ ауа-райы нашар болған кезде автомобиль жолдарында жүруден аулақ болған жөн. Жолдарда абай болуларыңызды сұраймыз», – деп шақырды Жанат Салықов.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмолада денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымға жемқорлыққа қарсы комплаенс институты енгізілді

Денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымда комплаенс-мамандар жұмыс істейді. Олардың негізгі міндеттері - құқық бұзушылықтардың алдын алу, корпоративтік парасаттылық стандарттарын сақтау және ұйымның іскерлік имиджін...

Ақмола облысында Антикор проблемалық әлеуметтік нысандардың құрылысын сүйемелдеуге алды

Ақмола облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Іс-шара барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қоғамдағы сыбайлас...

«Бала ақын – жас дарын» жас ақындар айтысы өтті

Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен Ерейментау аудандық мәдениет үйінде ақын, әнші, айтыскер, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Мұса Мырзағұлұлы Асайыновтың 95...

Мәңгі естелік….

2024 жылдың 18 ақпанында қоғам қайраткері, орман шаруашылығы саласының ардагері, Сандықтау ауданының Құрметті азаматы Сабыржанов Шыңғожа Сабыржанұлы өмірден озды. Шыңғожа Сабыржанұлы дарынды басшы, білікті орманшы,...

Арқадағы Амал мерекесі: қызылжарлық өнерпаздар ақмолалық әріптестерімен көрісті

Көкшетауда Амал мерекесіне орай Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының мәдениет саласы өкілдерінің «Наурызнама бастауы – көрісу күні» атты мерекелік шарасы өтті, деп хабарлайды Kazinform. 14...