Орталық референдум комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцованың айтуынша, 14:00-дегі жағдай бойынша 6 262 973 адам дауыс берген.
Нақты айтқанда, Ақмола облысы – 56,89, Ақтөбе облысы – 45,64, Алматы облысы – 58,07, Атырау облысы – 50,68, Батыс Қазақстан облысы – 53,58, Жамбыл облысы – 63,46, Қарағанды облысы – 61,08, Қостанай облысы – 62,47, Қызылорда облысы – 65,03, Маңғыстау облысы – 43,36, Павлодар облысы – 57,79, Солтүстік Қазақстан облысы – 62,41, Түркістан облысы – 53,63, Шығыс Қазақстан облысы – 64,21, Нұр-Сұлтан қаласы – 41,13, Алматы қаласы – 23,06, Шымкент қаласы – 59,32 пайыз.
Жалпы, сағат 14.00-дегі жағдай бойынша республиканың 6 262 973 азаматы бюллетень алды.