Воскресенье, 9 февраля, 2025
ЖаңалықтарМаңыздыҚазақстандықтар мінген 3 автобус Киевтен жолға шықты

Қазақстандықтар мінген 3 автобус Киевтен жолға шықты

Сондай-ақ, оқыңыз...

Киевтен қазақстандықтар мінген 3 автобус жолға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің ұйымдастыруымен азаматтарымыз мінген тағы 3 автобус Киевтен Львовқа жолға шықты» делінген елшілік таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, 1 наурыз күні Алматының халықаралық әуежайына «Air Astana» әуе компаниясының Airbus A321 ұшағы Украинадан эвакуацияланған Қазақстан азаматтарының алғашқы тобын алып келді. Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтар мінген екінші рейс кеше кешкісін Нұр-Сұлтанға қонды. Олар Польшаның Катовице қаласынан Атырауға, одан әрі ел астанасына жетті. Бортта 120 ересек және 4 бала бар.

Қазақстанның Украинадағы елшісінің кеңесшісі Сергей Коноваловтың мәліметінше, Украинадан отанына оралғысы келетін қазақстандықтардың саны күн санап артып жатыр.

«Жуырда ғана 600 адам эвакуацияға өтініш берді. Осылайша біздің консулдықтың есебінде 1,5 мың адам тұр. Қазақстанның Украинадағы елшілігі істің соңына дейін болады. Әзірге мүмкіндік бар кезде азаматтарымызды аталған елден эвакуациялаймыз», — деді Сергей Коновалов тілшілерге берген сұхбатында.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Облыстың мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиясының қызметі қорытындыланды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының төрағалары үшін семинар ұйымдастырып, онда 2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың тәртіптік...

Азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органнан босатылғаннан кейін жұмыс берушіден қызметкерге тиесілі есеппен және төленген сомамен...

Адам құқықтары-ең жоғары құндылық

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі Джанбекова Гүлнәр Хамитқызымен сұхбат. - Гүлнар Хамитқызы Қазақстанда азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша қандай шаралар қабылданып...

Қазақстандағы әйелдердің құқықтарын қорғау және олардың мүмкіндіктерін кеңейту

Соңғы жылдары біздің еліміз бірқатар маңызды бастамаларды жүзеге асыру арқылы адам құқықтары саласында белгілі бір жетістіктерге жетті. Қазақстан әйелдердің құқықтарын қорғауға және олардың мүмкіндіктерін кеңейтуге...

Акцию «100 дней до Победы» организовали в акмолинском ДУИС

В этом году отмечается 80-летие Победы в Великой Отечественной войне. В честь юбилея знаменательной даты в акмолинском ДУИС поддержали республиканскую акцию «100 дней до...