spot_img
spot_img
7.7 C
Kokshetau
ЖаңалықтарМаңыздыҚазақстанның Румыния және Словениядағы Елшілері тағайындалды

Қазақстанның Румыния және Словениядағы Елшілері тағайындалды

-Жарнама -spot_img

Президенттің Жарлығымен Қазақстанның Румыниядағы және Словениядағы Елшілері тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Ерлік Шәкірұлы Әли Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасынан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші лауазымынан босатылды;

Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Бүгін сондай-ақ Президент Жарлықтарымен: Нұрбах Рүстемов Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды. Ал Алтай Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Елшісі, Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img