Воскресенье, 8 сентября, 2024
ЖаңалықтарӘлемБҰҰ Бас хатшысы Ауғанстанда адам құқықтарының бұзылуына жол бермеуге шақырды

БҰҰ Бас хатшысы Ауғанстанда адам құқықтарының бұзылуына жол бермеуге шақырды

Біріккен Ұлттар ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш «Талибан» қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған) мен Ауғанстандағы шиеленістің басқа да тараптарын барынша сабырлық танытуға шақырды.

Бұл туралы Бас хатшы кеңсесінің жексенбі күні таратылған мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«БҰҰ Бас хатшысын Ауғанстандағы жағдай алағдатып отыр. Ол «Талибан» мен басқа тараптарды адамдардың өмірін сақтап қалып, оларды гуманитарлық қажеттіліктермен қамтамасыз ету үшін барынша сабырлылық танытуға үндеді», — делінген мәлімдемеде.

БҰҰ Бас хатшысы сондай-ақ Ауғанстанда адам құқықтарының бұзуылуын тоқтатуға шақырды. БҰҰ Ауғанстан тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетуге ниетті.

«БҰҰ бейбіт жолмен реттеу, барлық ауғандықтар, әсіресе әйелдер мен қыз балалардың құқықтарын қорғау және мұқтаж азаматтардың өмірін аман сақтап қалу үшін қажетті көмек көрсету жұмысын көздеп отыр», — делінген мәлімдемеде.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Щучинскіде ашылған ескерткіш кімге арналған?

Әлеуметтік желілерде Щучинск қаласында ауған соғысы ардагерлеріне арнап орнатылған ескерткіш туралы ақпарат таралды. Ауған соғысына қатысушыларды ақтай да, даттай да алмаймыз. Олар отандарын басқыншы...

Сот қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады

Сотта, 58-жастағы жұмыс істемейтін азамат «П.»-ға қатысты анасының денсаулығына зиян келтірмей ұрып-соққаны үшін қылмыстық іс қаралды (Қылмыстық кодексінің 109-1-бабының 1-бөлігі). Сотта анықталғандай, ер адам үйде...

Сот жұмысшыларға өтемақы, моральдық зиян және әлеуметтік төлемдерді аударуды ЖШС-ны міндеттеді

Қосшы қалалық соты пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы, өсімпұл, моральдық зиянды өндіріп алу және әлеуметтік төлемдерді аударуды міндеттеу туралы «D.» ЖШС-ға 11 жұмысшының талап...

Қазақстандық пауэрлифтер Давид Дегтярев екі дүркін паралимпиада чемпионы атанды

Қазақстандық Давид Дегтярев Париждегі Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. Ол пауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ  жарды. Оның ең үздік нәтижесі –...

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер құжаттарын қабылдау басталды!

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер Ақмола облысында тұратын, күндізгі оқу түрінде ақылы білім алатын, студенттер, интерндер, резиденттер, сонымен қатар келесі критерийлерге сәйкес...