Жаңа шектеулер 13 қыркүйекке дейін жалғасады, олар COVID-19 вирусына қарсы вакцинацияланбаған азаматтарға қатысты. Екпе алмаған адамдар үшін карантинді сақтамау 1 500-ден 6000 еуроға дейін айыппұл салуға әкелуі мүмкін, деп хабарлайды елдің Денсаулық сақтау министрлігі.
«Мүмкіндіктер паспорты» болмаған жағдайда қорғаныс маскаларын киіп, жабық бөлмелерде 2 метр қашықтықты сақтау керек, ал мекеме басшылығы келушілер мен қызметкерлердің жеке гигиенасына, үй-жайларды жиі желдетуге, жиһаз беттерін дезинфекциялауға жағдай жасауы керек.