spot_img
spot_img
14 C
Kokshetau
ЖаңалықтарОқиғаТөтенше жағдайБұланды ауданында газ-ауа қоспасының жарылысынан ер адам зардап шекті

Бұланды ауданында газ-ауа қоспасының жарылысынан ер адам зардап шекті

-Жарнама -spot_img

Сағат 11:50-де «Макинский завод теплоизоляции» ЖШС сұйытылған көмірсутек газын сақтауға арналған резервуарлық парк аумағында газ-ауа қоспасының жарылысы орын алды.

Шақырту орнына Ақмола облысы ТЖД құрамнан 8 адам және 2 бірлік техника шықты. Сағат 12:09-да ауыздықталып, сағат 12:25-те сөндірілген өрттің аумағы 10 шаршы метрді құрады.

«Жарылыс салдарынан 1974 жылы туған ер адам жарақат алды, жағдайы орташа, зардап шеккен адам денесінің 40% термиялық күйікпен аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. Жарылыстың болжамды себебі – сұйытылған көмірсутекті газ резервуарларына құю ережелерін бұзу. Қазіргі уақытта полиция органдары сотқа дейінгі тергеу жүргізуде», – деді Ақмола облысы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев.

Ақмола облысының ТЖД аймақ тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img