Жексенбі, Шілде 14, 2024
19.9 C
Kokshetau
16 C
Nur-Sultan
16 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамМәдениет«Бұрымды қыз» аймақтық байқауының жүлдегерлері марапатталды

«Бұрымды қыз» аймақтық байқауының жүлдегерлері марапатталды

Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен «Достар» мәдениет сарайында Халықаралық әйелдер күніне арналған «Бұрымды қыз» аймақтық байқауы өтті.

Байқауға Көкшетау қаласы мен Қарағанды, Ақмола облыстарынан  ақылына көркі сай, қолаң шашты 15 ару қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – ұмыт болуға айналған ұлттық төл мәдениетіміз бен өнерімізді қайта тірілтіп, салт-дәстүрді жаңғырту, әсіресе қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру   арқылы әділеттікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу болды.

Байқау шарты бойынша қыздар өздерін таныстырып, шығармашылық таланттарын көрсетті. Салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға қатысты сұрақтарға жауап беріп, мақал-мәтелдердің жалғасын тапты. Байқауға қатысушылар үшін соңғы сынақ – ұлттық костюмде дефиле  көрсету болды.

Қазылар алқасының құрамына «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, «Жігіт сұлтаны» халықаралық байқауының жүлдегері, Әдебиет және өнер музейінің директоры Нұрбек Жамашұлы Нұралин, «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрының директоры Жарас Шотбекұлы Қалдаров, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, «Гәкку» би ансамблінің жетекшісі, Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының балетмейстері Гүлмира Мерғалиқызы Ордабаева енді.

«Бұрымды қыз» аймақтық байқауының қорытындысы бойынша Исабай Аяжан (Көкшетау қаласы) Бас жүлде иегері атанды.

«Дарынды қыз» номинациясы және 100 000 мың теңге ақшалай сертификатымен Айнур Атретхан (Целиноград ауданы),      «Көрікті қыз»  номинациясы және 100 000 мың теңге ақшалай сертификатымен Гульназ Шарипова (Қарағанды облысы),     «Өнерлі қыз» номинациясы және 100 000 мың теңге ақшалай сертификатымен Абаева Аяна (Қосшы қаласы),   «Инабатты қыз» номинациясы және 100 000 мың теңге ақшалай сертификатымен Сымбат Сансызбай (Аршалы ауданы) марапатталды.

Қатысқаны үшін 25 000 теңге ақшалай сертификат 10 қатысушыға берілді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ерікті мемлекеттік қызметшілер қоғамдық орындарды тазарту және абаттандыру жұмыстарына қатысты

А.ж. 11 шілдеде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкерлері, Департамент жанындағы «Еріктілер кеңесінің» мемлекеттік қызметші-еріктілері,...

Ақмола облысында cот әкімшілеріне сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілік түсіндірілді

Жемқорлықтың алдын алу аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Сот әкімшілігі департаментімен және облыс соттарының әкімшілерімен семинар өткізді. Кездесу барысында превенция басқармасы басшысының орынбасары Абай...

Мемлекеттік қызметтегі өзекті кадрлық мәселелер талқыланды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің өкілдері облысымыздың жергілікті атқарушы органдарының персоналды басқару қызметі өкілдеріне арналған семинар өткізді. Семинарда Департаменттің мемлекеттік қызмет...

Университет түлектері мемлекеттік қызметке шақырылды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мен жоғары оқу орындары арасында жасалған өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында Департамент басшысы Думан Әбілев...

Мемлекеттік аппаратты кәсібилендірудегі жаңа тәсілдер

Мемлекеттік қызметшілердің парызы - халыққа бағдарланған мемлекеттік аппараттың тиімді жұмысын қамтамасыз етуде біртұтас механизм іспетті қызмет ету. Осынау жауапты қызметті абыроймен атқарып, ел үмітін...