Бейсенбі, Сәуір 25, 2024
9.2 C
Kokshetau
10 C
Nur-Sultan
19 C
Almaty
ЖаңалықтарҚазақстанБайқоңырдан OneWeb спутниктер тобы ұшырылды

Байқоңырдан OneWeb спутниктер тобы ұшырылды

Бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 04:13-те Байқоңыр ғарыш айлағы 31-ші алаңының «Восток» ұшыру кешенінен Фрегат» үдемелі блогы және OneWeb британдық 34 ғарыш аппараты бар «Союз-2.1б» зымыран-тасығышы ұшырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін зымыран-тасығышты ұшыру техникалық себептерге байланысты екі рет кейінге шегерілген болатын. Ал бүгінгі ұшыру сәті Роскосмостың телестудиясынан тікелей эфир арқылы көрсетілді.

Тікелей репортажды жүргізушілердің ақпаратына сәйкес, зымыран штаттық режимде ұшырылды. «Союз 2.1 б» зымыран-тасығыш сатысының бөлінуі ұшу циклграммасына сәйкес болды. Зымыран ұшырылғаннан кейін 10 минуттан соң спутниктер топтасы бар басты блок орбитаға шықты.

OneWeb төменорбиталды ғарыш аппараттары жер бетіндегі тұтынушыларды тікелей спутник байланысы арқылы жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етуге арналған.

Бүгінге дейін орбитаға 254 ғарыш аппараты шығарылған болатын. Енді тағы 34 спутниктің шығарылуымен олардың саны 288-ге жетеді.

Компания жалпы саны 500-ден астам спутникті Жер айналасындағы орбитаға шығарып, оларды коммерциялық мақсатта пайдалануды көздеп отыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...