Сәрсенбі, Сәуір 17, 2024
12.1 C
Kokshetau
7 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамМәдениетБалалар жылы: «Өнерлі өрге жүзер» атты облыстық өнер байқауының үздіктері анықталды

Балалар жылы: «Өнерлі өрге жүзер» атты облыстық өнер байқауының үздіктері анықталды

Балалар жылы аясында Бурабай ауданында Ақмола облыстық мәдениет басқармасының жанындағы Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен «Өнерлі өрге жүзер» атты облыстық өнер байқауы өтті.

Өнер байқауының негізгі мақсаты – балалар шығармашылық ұжымдары мен жас орындаушыларды қолдау, байқауға қатысушыларды орындаушылық шеберлік шыңына жетуге ынталандыру, мәдени байланысты дамыту және нығайту, балаларды мәдениет және өнер саласындағы өңірлік бағдарламаларға тарту, жетекшілер мен балаларды өнер саласындағы жаңа үрдістер және бағыттармен таныстыру, заманауи шығармашылықты дамытуға қолдау көрсету, балалар шығармашылығын танымал ету болып табылады.

Байқауға Ақмола облысынан 9-15 жас аралығындағы дарынды балалар қатысты. Байқау онлайн форматта қатысушыларды іріктеу, гала-концерт және жеңімпаздарды марапаттау тәрізді екі кезеңнен тұрды.

Талантты және дарынды жас орындаушыларды анықтауға және қолдауға, орындаушылық шеберлік деңгейін арттыруға бағытталған «Өнерлі өрге жүзер» байқауының қорытындысы бойынша шығармашылық сайысқа белесене қатысқаны үшін ұйымдастыру алқасының дипломен және естелік сыйлықпен Целиноград ауданынан Аманжол Аяулым, Қорғалжын ауданынан «Angels» заманауи би студиясы, Ерейментау ауданынан «Элегия» би ұжымы, Целиноград ауданынан «Нәзік» би тобы, Зеренді ауданынан Сәбетхан Қажымұқан, Ерейментау ауданынан Бошан Айғаным, Бұланды ауданынан Елешұлы Нұрғиса, Сандықтау ауданынан «News» вокалдық тобы, Целиноград ауданынан Хамидолла Інжу марапатталды.

Байқау жүлдегерлері келесі аталымдар бойынша анықталды:

«Үздік дәстүрлі әнші» аталымы бойынша (13-15 жастағылар арасында) Ерейментау ауданынан Ержан Иманжан, (9-12 жастағылар арасында) Көкшетау қаласынан «Нұрбосын» дуэті үздік атанды.

«Ұлттық музыкалық аспаптарда үздік орындаушы» аталымы бойынша (13-15 жастағылар арасында) Ерейментау ауданынан Анафина Алина үздік атанды.

«Үздік хореографиялық ұжым» аталымы бойынша Степногорск қаласынан «Қазына» хореграфиялық ұжымы, Қорғалжын ауданынан «Айғаным» би студиясы үздік атанды.

«Үздік эстрадалық әнші» аталымы бойынша (13-15 жастағылар арасында) Көкшетау қаласынан Мерғасым Мансұр, (9-12 жастағылар арасында) Целиноград ауданынан Төрекелді Темірболатов үздік атанды.

Қорытынды гала-концертке қатысушылардың үздік нөмірлерін байқау ұйымдастырушыларының Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі парақшаларынан көруге болады.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...

Автожолдарды топан судан қорғау

Ақмола облысында су тасқынын алдын алу бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда Ақмола облысының Қосшы, Жібек Жолы және Атбасар елді мекендерінде «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ мамандары...

8 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.12.2023 жылғы № 237 бұйрығына сәйкес Бурабай...

Мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында...

Департамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Көкшетау қаласының әкімдігі «Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тару мәселесімен...