Суббота, 18 января, 2025
ЖаңалықтарМаңыздыБас прокуратурада шетелге заңсыз шығарылған капиталды қайтару мәселесі қаралды

Бас прокуратурада шетелге заңсыз шығарылған капиталды қайтару мәселесі қаралды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Бас прокурор Берік Асыловтың төрағалық етуімен экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Отырысты ашқан Бас Прокурор іс-шараға қатысушылардың назарын Мемлекет басшысы қойған негізгі міндеттерге аударды. Бұл – заңсыз шығарылған қаржы қаражатын елге қайтару бойынша жүйелі шараларды әзірлеу және іске асыру, сондай-ақ экономикалық ресурстардың монополиялық (олигополиялық) шоғырлануын анықтау. Оларды іске асыру отандық экономиканы сауықтыруға, кірістерді әділ бөлуге және азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыруға мультипликативтік әсер етуі тиіс.

Отырыста Комиссия төрағасының орынбасары – Бас Прокурордың орынбасары Ұлан Байжанов, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бірінші басшылары баяндама жасады. Шаралар кешенін талқылай отырып, капиталды елден заңсыз шығаруды болдырмау және құқыққа қарсы жолмен алынған ресурстарды қолында шоғырландырған санаулы адамдар шеңберінің заңсыз баюы үшін жағдайларды жою алғашқы кезектегі шаралардың бірі деп танылды.

Сондай-ақ халықаралық тәжірибені ескере отырып, олигополия субъектілерінің активтерді мемлекетке қайтару мүмкіндігі туралы ұсыныс қаралды. Бұл ретте, Б. Асылов Комиссияның жұмысы адал кәсіпкерлер үшін бөгет болмауы қажет екендігін атап өтті.

«Барлық шешімдер тексеріліп, мұқият пысықталған соң ғана қабылдануы керек», — деді ол.

Отырыс қорытындысы бойынша Комиссия жұмысының басым бағыттары айқындалды.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...