Пятница, 17 января, 2025
ЖаңалықтарМаңыздыБас прокуратура жекелеген блогерлердің фейк-ақпараттарына қатысты үндеу жариялады

Бас прокуратура жекелеген блогерлердің фейк-ақпараттарына қатысты үндеу жариялады

Сондай-ақ, оқыңыз...

ҚР Бас прокуратурасы танымал тұлғалардың ұсталғаны туралы жекелеген блогерлердің ақпаратына сенбеуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев жекелеген блогерлердің арандатушылық мәлімдемелеріне қатысты үндеу жариялады.

«Отандық ақпараттық кеңістікте және әртүрлі әлеуметтік медиада түрлі тақырыптар бойынша көрінеу жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кетті.

Бұл ретте олар жекелеген блогерлердің арандатушылық мәлімдемелерімен және әлеуметтік желі пайдаланушыларының ұлттық алауыздықты тудыратын белгілері бар комментарийімен қоса жүреді.

Жекелеген азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, сондай-ақ бірқатар танымал тұлғаны ұстау және қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы жалған хабарламалар жариялануда.

Мұндай фейк мәліметтер қоғамда жалған пікір қалыптастырып қана қоймай, сонымен бірге қоғамдық тәртіпке де теріс әсер етуі ықтимал.

Шынайлыққа сәйкес келмейтін осындай мәліметтерді таратуды көбіне блогерлер қасақана, өздерінің және үшінші тұлғалардың мүдделері үшін жүзеге асырады.

Олардың мақсаты – жеке пайда табу және бопсалау арқылы материалдық табыс көру», — делінген үндеуде.

Бас прокуратура ескертіп өткендей, ұлттық алауыздықты қоздыруға, бопсалаушылыққа, көрінеу жалған ақпарат таратуға бағытталған іс-әрекеттер ҚР Қылмыстық кодексінің 174, 194 және 274-баптары бойынша жауаптылыққа әкеп соғады.

«Осыған байланысты, ҚР Бас прокуратурасы ел азаматтарын, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, әлеуметтік желілердің пайдаланушыларын заңнаманы бұлжытпай сақтауға және жоғарыда келтірілген кез келген құқық бұзушылықтардың жасалуына жол бермеуге, арандатушылыққа бой бермеуге және тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырады», — деді прокуратурадан.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...