Вторник, 14 января, 2025
ЖаңалықтарҚоғамМәдениетБаубек батырдың 200 жылдығына арналған «Азат рухты Баубек батыр» облыстық ақындар айтысы...

Баубек батырдың 200 жылдығына арналған «Азат рухты Баубек батыр» облыстық ақындар айтысы өтті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Дәстүрлі айтыс өнерін насихаттау, еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігін, қол жеткізген табыстарын, кешегісі мен бүгінгісін жарқыратып жыр жолдарымен өрнектеу, жас ұрпақты халқына, туған жерге деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу, ұлттық өнерге баулу, ақындардың қабілеттері мен шешендік өнерін шыңдау айтыстың басты мақсаты болды. Айтысқа Ақмола облысының Көкшетау қаласы мен Аршалы, Бұланды, Бурабай, Зеренді, Ерейментау, Шортанды аудандарынан 16 айтыскер ақын қатысты.

Қазылар алқасының құрамына Ақмола облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігі Ақмола облыстық филиалының басшысы, қазылар алқасының төрағасы Ермек Нұғыманов, Баубек батырдың ұрпағы Қабиболла Шаяхмет, ақын, Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының Ақмола облысы бойынша төрағасы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мәдениет саласының үздігі, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Құдайберлі Мырзабек,  Көкшетау қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің басшысы, ҚР Мәдениет саласының үздігі, ақын, жазушы-журналист Серік  Жетпісқалиев, айтыскер ақын, Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты Әлібек Серғалиев енді.

Бас жүлде мен 500 000 теңге сомасындағы ақшалай сертификаттың иегеріМұхамед Қонқаев (Көкшетау қаласы) атанды. Жүлделі  І орын мен 300 000 теңге сомасындағы ақшалай сертификатты Екпін Сәбетхан (Зеренді ауданы) иеленсе, ІІ орын мен 200 000 теңге сомасындағы ақшалай сертификат Думан Самат (Көкшетау қаласы)  бұйырды.  ІІІ орын мен  100 000 теңге сомасындағы ақшалай сертификатты Аякөз Абдуалиева  (Көкшетау қаласы)  еншіледі.

Сонымен бірге, өзге ақындар да  айтысқа белсене қатысқаны үшін ұйымдастыру алқасының дипломдары және 50 000 теңге ақшалай сертификатымен марапатталды.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...