Среда, 15 января, 2025
ЖаңалықтарДәйексөзБектеновтен екінші қазақ Путинін жасаудың еш қажеті жоқ

Бектеновтен екінші қазақ Путинін жасаудың еш қажеті жоқ

Сондай-ақ, оқыңыз...

Жалпы, Ресей қоғамымен қазақ қоғамы арасындағы болмыс – бітім алшақтығы алдағы уақытта тек зорайа береді. Біздің быдық -саясаттанушылар ресейшілеп шатып – бұтып жүргенде қаңтарда мүлдем басқа қауымның саяси аренаға шыққанына куә болдық. Ел басқарушы шенділердің ешқайсысы халықпен коммуникация жасауға мүлдем қабілетсіз болып шықты.

Путинизм ол қазіргі орыс қоғамын саяси тығырыққа апарып тіреген жол, бар болғаны сол. Қазақстан территориясы үлкен болғанымен халқы аз, шағын унитарлы мемлекет. Негізгі халқы номадтық өркениеттің аясында өсіп – өнген халық. Бір адамның немесе әлдеқандай олигархиялық топтың билігіне төзімсіздік көрсететін ұлттық менталитетке ие. Қырғыздағы әлденеше төңкеріс оқиғалары, қанды қаңтардағы олигархиялық, авторитарлық режимге қарсы қозғалыс постномадтық қоғам табиғатына тән құбылыс. Ресей қоғамы мүлдем кереғар бағытта кетіп бара жатыр. Ресейдің өркениет көшінен безінуі 1917 жылғы қазан төңкерісінен бастау алады, содан бері ресейлік қоғам кері сұрыпталу үдерісінен арыла алмай келеді.

Путинизм ескі патшалық Ресейдің : Бір билеуші, православ шіркеу, халық, сталиндік үлгідегі тоталитарлық билік идеясын біріктірген эклектикалық саяси ағым. Бұл жолда жүрген Ресей әлемдегі оқшау елге айналып болды.

Сондықтан, Бектеновті келесі Президент деп, алдын -ала қоғамдық пікір туғызып, ода жазып тастаудың қажеті қанша? Қазақ елі ендігі уақытта қандай да бір «мәңгілік билеушінің» табаны жер тіреп ,табандап отыруына жол бермейді.

Ғалымтай Төлепбергенов, тарихшы-ғалым, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің аға оқытушысы.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...