spot_img
- Жарнама -spot_img
14.2 C
Kokshetau
Басты бетОқиғаБестөбегі шахтада екі адамды топырақ үйіндісі басып қалды

Бестөбегі шахтада екі адамды топырақ үйіндісі басып қалды

-Жарнама -spot_img

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 қаңтарда Степногорск қаласының полициясына «Центральная» шахтасы кенішінің диспетчерінен 520 кен үйінділерінің астынан екі адамның денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Материалдарды алғашқы жинау барысында қаза тапқандардың жеке басы анықталды, олардың бірі, 1986 жылы туған Бестөбе кентінің тұрғыны, бірнеше жыл бұрын шахтада жұмыс істеген. Екіншісі Степногорск қаласының 35 жастағы тұрғыны.

Куәгердің, сондай-ақ заңсыз алтын іздеушінің айтуынша, ер адамдардың денелері үйілген кендердің астынан табылып, кейін басқа іздеушілердің көмегімен жер бетіне шығарылған.

Бұл факт ҚР ҚК 269-1-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді (қорғалатын объектіге заңсыз кіру). Тергеу жалғасуда.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985желдеткіштерсияқты
2,458ізбасарларыорындаңыз
61,453абоненттержазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img