QazAvtoJol компаниясы жаұында пайдалануға беруге дайын ақылы учаскелер туралы жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгінгі таңда «Нұр-Сұлтан — Павлодар», «Шымкент — Өзбекстан шекарасы» (Ташкент), «Щучинск — Көкшетау», «Қапшағай — Талдықорған», «Шымкент — Тараз», «Тараз – Қайнар», «Шымкент – Қызылорда» учаскелері ақылы жолдардың қатарына қосылуға дайын. Бұл учаскелер барлық қажетті құралдармен жабдықталған. Аталған учаскелерді пайдалануға беру туралы бұйрық жобалары мемлекеттік органдардың келісуінде», — делінген компания мәліметінде.
Бұл 1 санаттағы жол учаскелерінде ақылы жолды енгізу 2021 жылдың 1 қазан айынан тестілік режимде, 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап нақты пайдалануға беріледі.
«Ақылы учаскелер бойынша жүріп өту үшін төлемақы мөлшерлемесі 2013 жылы «Нұр-Сұлтан – Щучинск» бірінші ақылы учаске енгізілгеннен бері өзгерген жоқ және ол сол қалпында қалады. ІІ санаттағы жол қозғалысы үшін төлемақы тарифін төмендету жоспарда бар. Аталған мәселе мемлекеттік органдардың келісуінде», — деп аталып өткен хабарламада.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда ақылы жолмен жүру тарифі өзгермейді.
Дереккөз: ҚазАқпарат