Суббота, 19 апреля, 2025
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызметБиыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді.

Спикер атап өткендей, Ақмола облысында 2023 жылғы 1 наурыздан бастап пилоттық режимде «Интеграцияланған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсты іріктеудің және өткізудің уақытша қағидалары» шеңберінде мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа жүйесі жұмыс істейді. Оған бірінші кезекте жергілікті атқарушы органдар, содан кейін басқа да мемлекеттік органдар, оның ішінде орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері кезең-кезеңімен өтті.

Қазіргі уақытта бұл қағида 74 мемлекеттік органда енгізілген болса, ағымдағы жылы 1 шілдеден бастап жаңа іріктеу жүйесімен республика бойынша тағы 26 ведомство, оның ішінде облыс бойынша 9 мемлекеттік орган қамтылатын болады, олар:

  1. Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті;
  2. Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Ақмола облысы бойынша департаменті;
  3. Ақмола облысының прокуратурасы;
  4. Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті;
  5. Ақмола облысы бойынша қазынашылық департаменті;
  6. Ақмола мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті;
  7. Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті;
  8. Ақмола облысының полиция департаменті;
  9. Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті.

«Қазіргі уақытта ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті аталған мемлекеттік органдардың кадр қызметтеріне әдістемелік көмек көрсетіп, сондай-ақ ұжымдармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Мұндай іс-шаралар облыстық прокуратурада, қазынашылық, мемлекеттік кірістер, экономикалық тергеу, төтенше жағдайлар департаменттерінде өткізілді. Мемлекеттік органдардың «Е-қызмет» жүйесіндегі жұмысының сапалы жүргізілуі өте маңызды, өйткені болашақта бұл пилоттық жүйеде өткізілетін конкурстардың сапасына тікелей әсер ететін болады. Ақпараттық жұмыс жалғасады» — деп Департамент басшысы Думан Әбілев мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұл іріктеу жүйесі конкурстың барлық кезеңдерін eqyzmet.gov.kz порталында онлайн режимінде өткізуге мүмкіндік беретін толық автоматтандырылған жүйені білдіреді. Бұл жүйеде кандидаттар құжаттарды жинаудан босатылып, әлемнің кез келген бұрышынан«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған конкурстарға қатысу мүмкіндігіне ие болады.

2025 жылдың І тоқсанында Ақмола облысында пилоттық режимде өткен конкурстарға 253 кандидат қатысып, нәтижесінде лауазымдарға 58 адам қабылданды.

Жазира Сейтмағанбетова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ресми өкілі

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...

50 мемлекеттік қызметші Ақмола облысында жоғары лауазымдарға тағайындалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Оның айтуынша,...

Ақмола облысында 88 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметшілердің 65,3% әйелдер

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2025 жылдың І тоқсанындағы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі...