Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Мұғалім күні қарсаңында өңірде білім беру ісінде өнегелі еңбегімен ерекшеленген бірқатар таңдаулы ұстаздарға марапаттар мен сый-сияпаттар табыс етті.
«Соңғы үш жылда білім саласына жұмсалатын қаржы 50 миллиард теңгеге өсті. Үстіміздегі жылы облыстың білім жүйесін дамытуға 127 миллиард теңге қаражат бөлінді», – деді аймақ басшысы құттықтау сөзінде.
Шарада «Үздік педагог-2020» республикалық байқауы жеңімпаздарының есімдері аталып, бір топ ұстаз ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілері, сондай-ақ, облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Жоғары марапатқа ие болған 31 мұғалім ақшалай сертификатқа ие болды.