Среда, 15 января, 2025
ЖаңалықтарҚоғамБюджет қаражатының елдің дамуы үшін жұмсалатындығына кепіл боламыз

Бюджет қаражатының елдің дамуы үшін жұмсалатындығына кепіл боламыз

Сондай-ақ, оқыңыз...

«Nur Otan» сайлауалды міндеттемелердің орындалуына жүйелі бақылау жасайды. Бұл туралы өзінің фейсбук парақшасында «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек хабарлады.

Өздеріңіз білетіндей еліміздің барлық аудандарында, қалалары мен облыстарында жаңа шақырылымдағы мәслихаттардың бірінші сессиялары өтті. «Nur Otan» партиясының фракциялары сайлау қорытындылары бойынша барлық деңгейдегі өкілді органдардың басым бөлігін қалыптастырып, мандаттардың жалпы санының орташа алғанда 80%-тен астамын құрады.

Жуырда өткен сайлау қорытындысы бойынша барлық деңгейдегі мәслихаттардың құрамы жаңарды. Партиямыздың депутаттық корпусы алғашқы күннен бастап сайлауалды уәделерді іске асыруға кірісті. Әр халық қалаулысы өзінің білімін, біліктілігін толық пайдала отырып, халық игілігі жолында еңбек етеді деп сенімді түрде айта аламын. Себебі біздің партиямыздың сайлауалды бағдарламасының негізгі «Халық үніне құлақ асатын» мемлекет тұжырымдамасымен келіседі.

Елбасы, партия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, «Nur Otan» депутаттары әрбір өңірде, қала мен ауданда барлық сайлауалды міндеттемелердің орындалуына жүйелі бақылауды қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан біз, партия атынан сайланған депутаттар халық сенімін толықтай ақтап, бюджет қаражатының толығымен елдің дамуы үшін жұмсалатындығына кепіл боламыз.

Біздің елдің дамуы үшін аянбай еңбек етеміз.

Талғат Жүнісов

Ақмола облыстық мәслихатының депутаты.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...