Среда, 30 апреля, 2025
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызметБюрократиядан арылту аясында аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларында электрондық құжат айналымы...

Бюрократиядан арылту аясында аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларында электрондық құжат айналымы жүйесі орнатылды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Денсаулық сақтау саласын бюрократиядан арылту шеңберінде талдау жүргізу барысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының қызметінде электрондық құжат айналымы жүйесінің болмауынан туындаған проблемалар анықтады.

Соның салдарынан көбінесе жағдай тұрғындардың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін шұғыл шараларды талап еткеніне қарамастан, аталған мемлекеттік органдар құқық қорғау органдары, жергілікті билікпен және басқа да ұйымдармен ақпараттық алмасуда маңызды жұмыстардан гөрі пошта жеткізілімін, курьер қызметтерін пайдалану, тексеру материалдарын, әкімшілік істерді сканерлеу сияқты қыруар уақыт талап ететін нәрселерге көңіл бөлуге мәжбүр болған.

Сол себепті аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының талдау жұмыстарына қатысқан барлық қызметкерлері ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін электрондық құжат айналымын енгізу қажеттігін атап өтті.

Мұндай ақпараттық жүйелер көптеген мемлекеттік органдарда бар, оларды жұмыста пайдалану қағаз, фирмалық бланкілерге, курьерлік жеткізу қызметтерін сатып алу шығындарын қысқартуға, сондай-ақ тұтастай алғанда азаматтардың өтініштерін дұрыс шешу үшін ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігі мен жеделдігін арттыруға мүмкіндік берді.

Осыған байланысты Департаментпен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің орталық аппаратына санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарында электрондық құжат айналымы жүйесін орнату қажеттілігі туралы ұсыныс енгізілді.

Нәтижесінде, аудандық және қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметтерінде электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі енгізілді. Аталған мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері өз жұмысының тиімділігін арттыруда мұндай өзгерістердің сөзсіз пайдасын атап өтті.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Трамп АҚШ-ты жарылқай ма, әлде жарға жыға ма?

Дональд Трамптың АҚШ президенті қызметіне кіріскеніне бірнеше айдың ғана жүзі болса да, ол алпауыт елдің болашағына көлеңкесін түсірер біраз шаруаларды жасап тастады.  АҚШ президенті...

Жолшылар Көкшетау қаласының колледж студенттерімен кездесті

Жолшылар Көкшетау қаласының мектептерінің түлектерімен кездесті. «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК Ақмола облысы бойынша филиалы ұжымы арнайы мектепке барып, кәсіби-бағдар беру жұмыстарын жалғастырып...

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі...

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер атап...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...