Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылғы ақпанның 18-де «Көкшетау – Атбасар» тас жолында «Toyota Camry» және «Ваз-21015» көліктерінің соқтығысуынан жол-көлік оқиғасы орын алды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Толық ақпарат аqmola_pd әлеуметтік желідегі ресми парақшада жарияланады.
Әзірге, жол апатынан мерт болғандар мен зардап шеккендер туралы нақты мәлімет жоқ. Алайда, әлеуметтік желіде тарап жатқан бейнежазбадан мыжылып қалған көліктің салонында адамның денесін көруге болады.