Щучинск қаласының өрт сөндіруші-құтқарушылары бесінші қабаттағы пәтердің балконына шатырға құтқару арқанының ілу арқылы бөлмеге түсіп, 1956 жылы туған әйелді құтқарды, — деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Жалғыз тұратын зейнеткерге туыстары телефон шалып хабарласа алмаған, белгілі болғандай, зейнеткер қан қысымның жоғарылауына байланысты құлап қалған. Шақыру орнына ТЖД және учаскелік қызметкерлер келді. Өрт сөндірушілер пәтерге кіріп, оны ішінен ашып, әйелді жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Қазіргі уақытта әйелдің жағдайы тұрақты.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.