Бүгін сағат 11:59 — да Бурабай кентінің «Алматы» қонақ үйінде өрт шықты, — деп хабарлайды Ақмола облысының ТЖД баспасөз қызметі.
Өрт алаңы 4 ш.м. құрады. Ақмола облысы ТЖД күштері мен құралдары 30 адам және 7 бірлік техника жұмыс істеді.
ТЖД күшімен үш иінді баспалдақтың көмегімен 6 адам құтқарылды, 100 адам, оның ішінде 25 бала эвакуацияланды.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында өрттің таралуына жол берілген жоқ. Зардап шеккендер жоқ.
Өрт 12-35-те оқшауланып, 13-00-де жойылды. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.