Пятница, 28 марта, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерБурабай«Бурабай» МҰТП су айдындарын ақылды бейнекамерамен бақылауды күшейтеді

«Бурабай» МҰТП су айдындарын ақылды бейнекамерамен бақылауды күшейтеді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Су айдындарын қорғап, ихтиофаунаны сақтау үшін «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің дирекциясы қосымша шаралар қабылдауда. Smart National Park Burabay ақылды технологияларын дамыту аясында ұлттық парк көлдерінің жағасында бейнебақылау жүйелері орнатыла бастады.

«Электронды көз-жанардың» қырағы назарына алдымен балықшылар жиі баратын Жөкей көліне түсті.  Мұнда заңсыз балық аулау фактілері жиі тіркеледі.

Биыл Ұлттық парк аумағындағы көлдерде балық ресурстарына заңсыз қол сұққан жеті фактінің төртеуі дәл осы көлде болғанын айта кетейік. Құрыққа ілінен құқық бұзушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылды, браконьерлердің іс-әрекетінен келген жалпы шығын 2,5 миллион теңгені құрады.

СМАРТ-жүйе су айдынындағы жағдайды оңтайлы бақылауға және заңсыз әрекеттердің жолын кесуге мүмкіндік береді. Оптикалық камералар нақты уақыт режимінде көл акваториясы мен жағалау аймағын үздіксіз бақылайды.

«Біз көлдерде заманауи бейнебақылау технологияларын енгізу ихтиофаунаны сақтауды қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар жартастарды бүлдіретіндерге, қоқыс тастайтындарға да тосқауыл қоюды көздеп отырмыз. Келесі жылы Шортан көлінің кезегі келеді. Бірте-бірте Smart National Park Burabay ақылды технологиялары саябақтағы алты ірі көлдің барлығын бақылауға алады», — деді «Бурабай» МҰТП директоры Сергей Быков.

Камералар орналасқан мұнаралар жел генераторын, күн панелін және дизель генераторын қоса алғанда, дербес қуат көздерімен жабдықталған болады, сол арқылы үздіксіз жұмыс істейді.

Жөкей көліндегі бейнебақылау жүйесі күздің соңына дейін пайдалануға беріледі.

«Бурабай» МҰТП баспасөз қызметі.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі – кәсіпкерлікке жағдай жасаудың құралы

2024 жылы Ақмола облысында 8 миллионға жуық мемлекеттік қызметтер көрсетілді.  Қызметтердің біраз түрі кәсіпкерлік жүргізу үшін ерекше маңызды сипақта ие, олар: құрылыс кезінде рұқсаттар...

Құны 5 миллиард теңгеден астам инвестициялық жобаны іске асыруға кәсіпкердің құқықтары қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Бурабай ауданының прокуратурасымен бірлесіп, құны 5 миллиард теңгеден асатын жобаны іске асыруға «Минеральные источники» жауапкершілігі...

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері талқыланды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жергілікті атқарушы органдардың персоналды басқару қызметтері өкілдерімен онлайн семинар өткізді. Семинар барысында мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін...

ҚР МҚІА департаменті 1,5 миллиард теңгеге шаруа қожалығының құқығын қорғады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті бұрын ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ауданы 2000 гектар жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартудан бас...

«Е-қызмет» жүйесінде жұмыс істеу бойынша онлайн мастер-класс

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің  бастамасымен «Е-қызмет» жүйесінде жұмыс істеу бойынша онлайн мастер-класс өтті. Мастер-класқа жергілікті атқарушы органдардың персоналды...