-16.8 C
Kokshetau
-16.8 C
Kokshetau
Бейсенбі
Ақпан, 2

Бурабайда балықтың жаппай қырылуы себептері тексерілуде

Айдарлар:

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Бурабай көлінде шабақтардың қырылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Айта кетейік, таяуда Ақмола облысы Бурабай көлінде қырылған балықтардың видеосы әлеуметтік желіде тараған болатын.

https://youtu.be/gQYKeeexSow

«Жануарларға қауіп төнгенде әрекет ету механизміне сәйкес, 13 қыркүйек күні Ақмола облысы аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының қызметкерлері «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі су қоймасына барды. Су қоймасының жағалау сызығы зерттелді. 6 кг шабақ балық жиналып, утилизацияланды» деп мәлім етті ведомстводан.

Зертханалық зерттеу жүргізу үшін су мен балықтан сынама алынды. Балықтың қырылу себебі зертхана сараптамасының нәтижесі шыққаннан кейін қосымша хабарланады. Қазір «Бурабай» ұлттық паркі қызметкерлері шабақ балықтарды құтқару жұмысын жүргізіп жатыр.

https://www.inform.kz/kz/burabayda-balyktyn-zhappay-kyryluyna-baylanysty-tekseru-bastaldy_a3694527

Соңғы мақалалар

- Advertisement - spot_imgspot_img

Тақырып бойынша мақалалар

Өзге де мақалалар