Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2020 жылғы қыркүйектің 06-да сағат 15:50 шамасында құтқарушыларға хабарласқан адам Бурабай курортында таудың басына шыққан әйелді төмен түсіру туралы көмек сұраған.
Шақырған жерге Бурабай кенті мен Щучинск қаласындағы құтқару жасағының 4 құтқарушысы мен 1 арнайы техникасы барды. Құтқарушыларға белгілі болғандай, «Бурабай» шипажайында демалып жатқан 7 адам таудың басынан шыққан. Кейін олардың арасында 1965 жылғы әйел аяғынан жарақаттап, таудан түсе алмаған.
Құтқарушылар әйелді таудан түсіріп, дәрігерлерге тапсырды.