Ақмола облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, инфекцияны жұқтырған 17 науқастың 9-ы Көкшетау қаласының жұқпалы аурулар орталығына жатқызылды, қалған науқастар амбулаторлық ем қабылдайды, жағдайлары қанағаттанарлық.
Қазіргі кезде «Бурабай» санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы «Rixos» қонақ үйінің мейрамханасына жоспардан тыс тексеру жүргізіп жатыр.
«Судың, тамақ өнімдерінің және шайындылардың сынамалары алынды, зертханада тексеріліп жатыр. Сондай-ақ, қызметшілер тексеріліп, эпидемияға қарсы шаралар жалғасады», — деді ведомстводан.