Суббота, 19 апреля, 2025
ЖаңалықтарҚоғамМәдениетЦелиноград ауданында «Әлия» спектаклінің премьерасы өтті

Целиноград ауданында «Әлия» спектаклінің премьерасы өтті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында Целиноград ауданында, қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған танымал әнші, актер, режиссер, драматург, ақын, «Үздік драматург» номинациясының иегері Қанат Жүнісовтың «Әлия» драмасымен, тұңғыш халықтық театрының тұсау кесері өтті.

Халықтық театрының алғашқы қойылымының кейіпкерлерін сомдаған әуесқой актерлар: мемлекеттік қызметкерлер, аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері, 44813 әскери бөлімшесінің қызметкерлері, мектеп оқушылары және жергілікті тұрғындар жоғары деңгейде сахналаса, Әлия рөлін сомдаған Ақмол ауылы мектеп гимназиясының оқушысы Байрақ Гүлжамал көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Әлия Молдағұлованың тартысқа толы қиын кезеңдегі тағдырын, биік, қайталанбас дара тұлға екендігін, майдан даласына аттануын, мергендерді даярлау мектебінен өтуін, жауынгер достарымен, балалар үйіндегі тәрбиешілерімен және командирлерімен қарым-қатынасын қойылым авторы көркемдеп бейнелесе, қоюшы-режиссер Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік Академиялық музыкалық драма театры режиссерінің көмекшісі, сонымен қатар Целиноград аудандық мәдениет үйінің үйірме жетекішісі, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Гүлжан Абдибаева халыққа шебер жеткізіп, көрерменнің жүрегіне жол тапты.

Айта кететін болсақ, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына мерекелеу аясында, ұрпаққа патриоттық сезімді ояту, туған елге, жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, батырларымыздың ерлігін насихаттау мақсатында Ақмола облысында республикалық, облыстық және аудандық деңгейде 600-ге жуық іс-шара жоспарланып, оның 400-ден астамы өткізілді.

Бүгінгі өткен «Әлия» спектаклінің премьерасы іс-шара легінің тамаша бөлігіне айналды.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі...

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер атап...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...

50 мемлекеттік қызметші Ақмола облысында жоғары лауазымдарға тағайындалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Оның айтуынша,...

Ақмола облысында 88 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...