«Наурыз – халқымыздың нағыз рухани және еңбек мерекесі. Бұл күн ежелден-ақ ынтымақ пен ырыс мейрамы. Наурыз – жаңару мен жаңғырудың символына айналуы тиіс», деп Мемлекет басшысы атап өтті.
Ақмола облысы мәдениет басқармасының қолдауымен көне дәстүр сабақтастығының белгісі саналатын, ұлттық мәдениетіміздің қайта түлеген ерекше мерекесі Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы аясында 14-20 күндері «РИО» сауда ойын-сауық орталығында креативті индустрияны қолдауға бағытталған тұңғыш рет «Ғасырлар үні» жобасы аясында облыстың халықтық фольклорлық ансамбльдері мен отбасылық ансамбльдерінің концерті және «Көшпенділер мұрасы» open space аймағы ұйымдастырылады. Жетекші креаторлардың қатысуымен сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі мен жаппай сатылымдар жоспарланып отыр.
Концерттік бағдарламаны 25 жылдық тарихы бар, репертуары өте бай, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, «Көкшетау» мәдениет сарайының «Кербез сұлу» фольклорлық ансамблі ашады. Мерекелік іс-шара аясында «Ұлт дәмі» ұлттық тағамдар көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеде ұлттық тағамдар: бауырсақ, кұрт, жент, қоспа, самса, бүйрек, тәтті бәліштер Нұрмағанбетова Ақыл, Ахметова Раушан, Каттебаева Гүлнар, сонымен қатар «Гормолзавод Кокшетау» ЖШС өнімдері ұсынылды. Сол сияқты, көрмеде Серікжанова Гүлнар декор жастықтары, Саркина Асем және Мугжанова Гүлжанат ұлттық әшекей-бұйымдары көпшілік назарына ұсынылды.