Среда, 30 апреля, 2025
ЖаңалықтарҚоғамМәдениет«Даладай дархан, дарабоз Сәбең» жылжымалы көрмесі

«Даладай дархан, дарабоз Сәбең» жылжымалы көрмесі

Сондай-ақ, оқыңыз...

Биылғы жылы қазақ әдебиетінің классик жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстан ғылым академиясының академигі, М.Ғабдуллиннің жанашыр ағасы Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толып отыр.

Мәлік Ғабдуллиннің Сәбит Мұқановпен рухани байланысы сонау 1930 жылдардан бастау алып, ұстаз бен шәкірттің, аға мен інінің терең рухани жақындығының жарқын үлгісін көрсете білді.

20 ақпан күні Мәлік Ғабдуллин музейінде Солтүстік Қазақстан облысы Сәбит Мұқанов әдеби-мемориалдық музей үйінің қорынан жинақталған «Даладай дархан, дарабоз Сәбең» атты жылжымалы көрменің салтанатты ашылуы өтті.

Жылжымалы көрмеге Сәбеңнің көзінің тірісінде қолданған заттары, қолының табы қалған жазу машинкасы мен қолжазбалары, киімдері, барлығы 30 жуық жәдігер қойылып, көпшілік қауымның назарына ұсынылды.

Ашылу салтанатында Ақмола облысы мәдениет басқармасына қарасты мәдениет ұйымданының жұмысын қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Дина Бейсенбаева, тарих ғылымдарының кандидаты, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау Университеті ректорының кеңесшісі Сейітқасымов Аманай Асылбайұлы, Сәбит Мұқановтың әдеби-мемориалдық музейінің меңгерушісі Әлия Сәрсекова сөз сөйледі.

«Даладай дархан, дарабоз Сәбең» жылжымалы көрмесін ғылыми зерттеумен қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Гүлжауһар Сәдуақасова     таныстырса, Сәбит Мұқанов пен Мәлік Ғабдуллин арасындағы рухани байланыс туралы музейдің аға ғылыми қызметкері Аягөз Махметова баяндап берді.

Іс-шара Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының дәстүрлі әншісі Өмірзақ Шешханның орындауындағы Үкілі Ыбырайдың «Желдірме» әнімен қорытындыланды.

Сәбең туған қасиетті топырақта қаламгердің мол мұрасын көзінің қарашығындай сақтап, өскелең ұрпақтың өзегіне рухани нәр беріп отырған музейдің Көкшетаудың төріне келуі, Сәбит Мұқанов мұрасының Мәлік батыр музейінде насихатталуы мәдени-рухани тұрғыда үлкен жетістік деп білеміз.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Трамп АҚШ-ты жарылқай ма, әлде жарға жыға ма?

Дональд Трамптың АҚШ президенті қызметіне кіріскеніне бірнеше айдың ғана жүзі болса да, ол алпауыт елдің болашағына көлеңкесін түсірер біраз шаруаларды жасап тастады.  АҚШ президенті...

Жолшылар Көкшетау қаласының колледж студенттерімен кездесті

Жолшылар Көкшетау қаласының мектептерінің түлектерімен кездесті. «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК Ақмола облысы бойынша филиалы ұжымы арнайы мектепке барып, кәсіби-бағдар беру жұмыстарын жалғастырып...

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі...

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер атап...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...